№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢА БИЗНЕС ИДЕЯҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

ЖАҢА БИЗНЕС ИДЕЯҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ



Бүгінгі жастар бойындағы белсенділік, жаңа бастамашылдық – өсудің, өркендеудің нақты көрінісі. Мемлекеттің қолдау шараларын тиімді пайдаланып, өз кәсібін ашуға мүмкіндік мол. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ-бағыты бойынша кәсіп жасағысы келген жастарды несиелендіру жұмысы жүруде.

Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға бағытталған гранттық негіздегі 100 АЕК көлеміндегі қаржылай қолдау берілді. Яғни, әрқайсысы 240 500 теңге болатын қайтарымсыз қаржыны өткен жылы 20 жас алды. Оған қоса, жастар бағдарламаның тағы бір бағыты бойынша кепілдікке жылжымайтын мүлікті ұсына отырып, 6 пайыздық мөлшермен 6 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несие алуына болады. Әрине, мұндай мемлекеттік қолдауға қол жеткізу үшін, «Бастау» бизнес жобасын не Нәтижелі жұмыспен қамту аясында қысқа мерзімді қайта даярлау курсын оқуы тиіс. Тағы да тұрмысы тұралаған жас отбасылар мемлекеттік атаулы көмек негізінде «Өрлеу» жобасымен қаржы алуда. Мұның бәрі түптеп келгенде, қолдау бар. Тек, тынбай еңбектену керек дегенді білдіреді.
Аталмыш қолдау шараларының аясы биыл да кеңейе түседі. Кеше Президент «Жастар жылының» ашылуында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есеге арттыруды тапсырды. Сондай-ақ Елбасы жастарды жұмыспен қамту жөнінде: «Жастар саясатындағы негізгі мәселе – жұмыспен қамту. Ғалымдардың болжауынша, 2050 жылы бүгінгі таңдағы мамандықтардың 50 пайызын жасанды интеллект алмастырады. Бұл мамандықтардың ішіне саудагерлер, жүргізушілер, заңгерлер мен экономистер кіреді. Ал, ғалымдар, топ-менеджерлері, мәдениет қайраткерлері, ІТ саласының мамандары мен жоғары санатты дәрігерлерді жасанды интеллект алмастыра алмайды», – деді. Яғни, алдағы 30 жылда роботехниканың дәуірі келе жатыр деген сөз. Жастар осыны сезінсе дейміз. Өйткені, біздің орталыққа жұмыс іздеп келіп жатқан жас мамандардың көпшілігінің мамандығы – бүгіннің өзінде сұранысқа сай емес. Бір ғана мысал келтірсек, ресми дерек көзіне жүгінсек, 2003-2014 жылдар аралығында Қазақстанда 250 мыңға жуық заңгер дайындалыпты. Яғни, бұл жоғарғы оқу орны мен орта арнаулы колледж бітірушілері. Одан кейінгі қатарда экономистер қауымы көш бастап тұр. Себебі, қоғамда заңгер мен экономист мамандығын тәмамдасаң жұмыссыз қалмайсың деген түсінік қалыптасқан. Бірден айту керек, бүгінде техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары. Былтырғы жылы тау-кен металлургия саласына қатысты «Шалқия-Цинк» өндірісінен техникалық мамандықтарға сұраныс болғанда, ауданнан жастарды ұсындық. Алайда олар ойдағыдай жұмысты алып кете алмады. Сондықтанда Елбасының «Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман» деген қанатты сөзі жастардың өмірлік ұстанымына айналса игі. Өйткені, өз ісінің шебері не майталман маман болу үшін немесе кәсіп ашу білім мен сауаттылық қажет. Яғни, қандай мамандық таңдасақта, сапалы кадр және мықты маман қашанда міндетіне мығым болуы тиіс екенін әсте естен шығармаған абзал.

Бейбіт БАЛАБЕКОВ,
аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі
директорының орынбасары.

30 қаңтар 2019 ж. 954 2

Гость Jeahulalf от 26 ақпан 2019 03:34
Comprar Levitra Barata cialis 5 mg Worldwide Bentyl Legally In Us

Гость Jeahulalf от 15 наурыз 2019 01:41
Levothyrox No Prescription Alternativen Zu Viagra Forum Il Viagra Poche Calorie canadian pharmacy cialis Zithromax Pneumonia Treatment Uses Cephalexin For Skin And Muscle