№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Алматы мен Қызылордадан біздің қымыранды іздеп келіп ішетіндер көп

Алматы мен Қызылордадан біздің қымыранды іздеп келіп ішетіндер көп

Бүгінде дертке дауа, жанға шипа болған қазақтың ұлттық сусынын дәріптеп жүрген апамыздың жасы жетпістің екеуіне келді. Қырық жылға жуық түйе сауу күнделікті қағидасына айналған Хадиша апа төрт түліктің төресі – Ойсылқара тұқымының қасиетін жіте түсінетін жан.
Жолдасы да, атасы да өмірінің соңына дейін түйе баққан кісілер.
– Жүсіпбековтер әулетіне келін болып түскен күннен бастап түйе бағудың қыр-сырын атам мен жарым Бақтиярдан үйрендім, – дейді кейіпкеріміз.
– «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деп қазақ бекер айтпаған, бұл кәсіптің нәсібін осы күнде ел болып көрудеміз. Түйе – еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні киім, өзі сенімді көлік болған...
– Қиын кезеңде жем-шөбін тауып беру біраз қиынға соғып, саны азайып кетті. Қазірде 10 бас аналық түйені сауып, сүтін мұқтаж адамдарға беріп, артылғанын сатып, кәдемізге жаратып жатқан жайымыз бар, – деді еңбекқор апа.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары нарықтық қатынастарды меңгерген Хадиша апаны "аудандағы алғашқы кәсіпкерлердің біріміз" деп мақтан тұтады. 1987 жылы “Красная звезда” ауылынан Шалқияға көшіп, 40 бас түйені 100 бас түйеге дейін жеткізіп, 2002 жылға дейін шалқиялық кеншілерді түйе сүті және етімен қамтамасыз еткен. Осы уақыт аралығында Ойсылқара өнімін аудан орталығындағы «Маслопромға» өткізіп, түйенің сүтінен пұл айырып, кәсібін дамытады. Бүгінде ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, олардан 13 немере сүйіп, бейнетінің зейнетін көріп отыр.
– Қажырлы еңбекті талап ететін түйе шаруашылығында шыдамдылық пен тазалық болмаса еңбегің құр кетеді. Әсіресе, боталаған уақытта аяғынан тік тұрып кеткенінше жіті бақылауда ұстаған жөн. Шұбат түрлі ауруды емдейді. Мәселен, өкпе құртына мың да бір ем. Инсульт пен инфаркт секілді жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Тіпті, қатерлі ісік пен қант диабетіне шипа екен. Алматы мен Қызылордадан біздің қымыранды іздеп келіп ішетіндер көп, – дейді Хадиша Сұлтанқұлқызы.
Жасыратыны жоқ, ақпарат көздерінде жарнамаланатын сусындарға қарағанда, шұбат дәруменге бай сусын. Иә, расында экологиялық тұрғыдан қарағанда таза өнімді тұтыну адамды түрлі кеселден сақтандырады. Сондықтан болар шұбат жүз аурудың емі дейтіні.
Қазақта «Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы» деген тәмсіл бар. Демек, ата-бабамыз түйені қасиетті мал санап төрт түліктің төресі деуі де тегін емес. Қос өркешті асыл тұқымды түйенің санын көбейтіп, атадан балаға мирас болған кәсіпті ары қарай жалғастыруды түйекеш апа қолдағы ұлы Ахмедияр мен келініне тапсырыпты. Осы тұста, ата таяғын ұстаған Ахмедиярға өз кәсібінің шыңын бағындырған анасының жолын берсін деп тілеп, асыл әжеміздің ақ батасын алып қайтқан жайымыз бар.
"Еңбек адамды бүтіндейді" деген аталы сөздің парқын Хадиша Сұлтанқұлқызының ғұмыр жолына зер салсаңыз терең түсінесіз.

                                                                                                                                               Лаура БИБАСАРОВА.
15 тамыз 2019 ж. 1 005 0