Құрылтай

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жол апатына түйе себепкер болды

Жол апатына түйе себепкер болды

   Қараусыз жүрген төрт түлік түрлі жол апатына себепкер болуда. Күре жолға шығып кеткен түйенің кесірінен 19 жастағы жігіт қаза тапты. Тосыннан болған жантүршігерлік жол көлік оқиғасы Маңғыстау облысында микроавтобус  пен түйе соқтығысты деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті КТКарнасына сілтеме жасап хабарлайды.


   Жол апаты Ақтау-Жетібай тас жолында орын алған. Алған соққыдан түйе минивэннің салонынан бір-ақ шыққан. Сол жерде жолаушылардың бірін басып қалған. 19 жастағы жігіт оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал оның анасы мен жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Медициналық көмек көрсетілген соң, ер адам үйіне қайтарылды. Ал әйелді Ақтаудағы емханалардың біріне ауыстырды.
   Полицейлер оқиғаның мән-жайы мен түнгі уақытта көше аралап жүрген түйенің иесін анықтауда. Жануар иесі айыппұл төлеп, зардап шеккендерге өтемақы төлеуі мүмкін.
24 қараша 2018 ж. 1 563 0