Сыр биігі – талант сыйы
Биыл Жаңақорған ауданының қазығы қадалып, қоғамдық құрылыстың қарқынды даму талаптарына тіреу боларлық тұғырлы тарихын қалыптастырғанына 90 жыл болады екен.
Тарихты тұлғалар жасайды Аяулы атамекеннің бел белесі мен бедерінде туған жер тұрпатының түлеп, өсіп-өркендеуіне өз әлдерінше үлес қосқан әлеуметтің әрбірінің жақсы күнге ұмтылған жарқын іздерінің белгісі жатыр.
Бүгінде аймақта көш бастап, алып индустрияның айшықты жобаларын жауапкершілікпен жүзеге асырып, ел дәулетінің табысының еселеніп, мерейі мен мәртебесінің артуына әлеуетті серпін беріп отырған аудан ретінде танымал Жаңақорған топырағы талай талантты тәрбиелеп шығарды. Олардың таудай талабын, тағылымын, жарқын бейнесін, халық үшін еткен еңбегін, қажырлы қызметін ұрпақ жадында жаңғыртуға ден қойған руханият жанашырлары ауданның тоқсан жылдығы мерейтойы аясында Жаңақорғанның өзімен төл құрдас тау тұлғаларын еске алып, елмен қауыштыруды мұрат тұтып отыр. Солардың қатарында Тәңір сыйлаған талантымен тас жарып, атағы алысқа тараған Манап ақынның жолы дара, шақтығы биік. Он бес жасынан сөз патшасы – өлеңді өресіне бағындырып, өзі содан бақ тапқан, жыр жақұтын – жауһарды көкіректе жаттатқан, періштедей пейілге бірге қосып тілегін, сөзіменен жылытқан жүдеу елдің жүрегін, жыр алыбы – Жамбылдың ізін басқан Қаратаудың өрені – Қазақстанның халық ақыны, Қазақ ССР Мәдениет қайраткері Манап Көкеновтың тоқсан жылдық мерейтойына өзгеше өң дарытуда өлке өнер майталмандарына біраз маңдай терді сарқуға тура келіп отыр. Манап Көкенов атындағы Мәдениет үйінің директоры Зульфия Шалабаева бұл жөнінде төмендегі іс-жоспарларымен таныстырды:
– 1945 жылы аудандық Мәдениет үйі жанынан ашылған Қызыл отаудың меңгерушісі болып тағайындалып, жарты ғасырға жуық бір орында қызмет атқарып, мәдени-үгіт бригадасы жұмысын алға бастырған, сексенінші жылдары ел астанасы – Алматыда өткен республикалық ІІ ақындар айтысында (І ақындар айтысы 1945 жылы өткен болатын) Бас жүлдені жеңіп алып, табиғи талантына тәнті еткен дарын иесінің кезінде туған жердің төрт бұрышын түгел шарлап, еңбеккерлердің саяси сауатын ашумен қатар елді өнер бұлағымен қандырып, мәдени құндылықтармен сусындатқан еңбегі ересен. Суырып салма ақындығымен қоса ұйымдастырушылық, үгітшілік қасиеті, насихаттық мазмұндағы лекциялары, «Жаңарған Жаңақорған», «Алтын аймақ аясында», «Қырманға кел, қалқатай», тақырыбындағы инсценировкалары тілдік қор. терең мазмұндылығымен қымбат. Біз енді Жаңақорған ауданының өткен тарихы мен Манап ағаның жүріп өткен шежірелі жолдарына рухани жаңғыру аясында шынайы жан бітіріп, кеше мен бүгін арасындағы сабақтастықты бекемдеуге бел будық. Нақтылап тоқталсақ, осы жылдың 19 және 20 қазан күндеріне жоспарланып отырған шара шымылдығын Сунақата елді мекенінде «Сырға толы Сығанақ» атты этнодуманмен ашқалы отырмыз. Ауыл қақпасының аузына орта ғасырларда Дешті Қыпшақ астанасы болған Сығанақ қалашығының сол кездегі кескін-келбеті, тыныс-тіршілігінен хабар беретін тарихи көшірмесі қондырылып, қасиетті орынға Хиссамиддиннің алғаш Ислам дінін алып келу дәуірін айғақтайтын және теңге соғылған сарай көрінісін көрерменге тарту етпекпіз.
Одан әрі Манап ауылына бет алып, ақынның зиратына тағзым етіледі. Манап ауылында мешіттің ашылу салтанатынан соң осы жерде ер балалардың құран оқу сайысы ұйымдастырылады. Манап Көкенов атындағы клуб үйінде ақынның мұражайы және «Манап салған ізбенен» атты этнокөрме көрерменге есігін ашады.
Осы күні М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі фойесінде «Суреттер сыр шертеді» атты фото және «Жаңақорған жайсаңдары» атты кітап көрмесі, мәдени кешеннің кіші залында ҚР Суретшілер Одағы мүшесі Ұлмекен Мауытованың «Тартуым саған, туған ел!» атты сурет галереясы өнер сүйер қауымның көзайымына айналмақ.
Түс ауа аудандық Мәдениет үйінде «Өткені өшпес мұра, келешегі кемел Жаңақорған» атты салтанатты шара өтеді. Жиын соңы халық ақыны М.Көкеновтың 90 жылдығына арналған республикалық ретро-сайысқа ұласады. Оған кезінде Манап ақынмен сөз сайысына түскен ақтаңгер айтыс ақындарынан қатыстыру жоспарлануда.
Кешкісін аудан көркемөнерпаздарының мерекелік Гала концерті өтеді.
Келесі күні ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, орталық алаңда өтетін ауылшаруашылық үздіктерін марапаттауға жалғасса, Машбек ауылында еңбек ардагері М.Нәлібаевты еске алуға арналған Қазақ күресінен жастар арасында республикалық турнир, шағын футболдан облыстық ашық турнир, қазақ күресінен түйе палуандар арасындағы республикалық ашық турнир өткелі отыр, – дейді.
Кешегі күндері мәдениет саласы майталмандары ұлттық саз аспаптары – домбырасын, сырнайы мен қобызын арқаланып, жыршы – сүлейлердің қызыл тілден төгілген сұлу сөз термелерін, жыр-дастан, толғауларын елге жеткізуде алдына жан салмаған ғой. Зульфияның айтуынша, осы үрдісті ұлықтап, осы күні ауылдарда көшпелі өнер кешенін Манап салған ізбенен қазақы қалыпта ел – жер аралатып, дәл баяғыша кең даланы әнге бөлеп, термемен тербеп, ұлттық төлтумаларымызды табиғи түрде тамашалатуға талап қылған ой-армандары болыпты. Бірақ бұл ұсынысты әрбір ауылдың басшылығы, зиялы қауым өкілдері терең түсінік, жанашыр пейілмен қабылдаса құба-құп. Сонда ұмытылып бара жатқан жыршы-сүлейлеріміздің есімдерімен қайта қауышқандай болар едік.
Өткенді ұлықтау, сайып келгенде, өзімізді танып, болашаққа бай қазыналарымызбен қадам басу үшін қажет. Аудан басшылығы тарапынан кең қолдау тауып отырған байыпты бастамалардың бағдары, әзірге осындай.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
Жаңақорған ауданы.