№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Бұл күні Аққорған ауылында ән қалықтады

Бұл күні Аққорған ауылында ән қалықтады

   Өнер әлеміне қадам басқан әрбір шәкірт жүрегіне жылылық ұялатып, қадамына қанат бітіріп, санасына сәуле шырақшы болған ұстаз қашанда құрметтеуге лайық. Сазгер, дирижер Құлахмет Нәлтаевты жерлестері жуырда 60 жас мерейтойымен құттықтап, құрмет биігіне көтерді. Ауданның және Халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығымен тұспа-тұс келген сазгер мерейтойы Түгіскенде тойланды. «Саз әлемінің серісі» деп аталатын атауда өткен ән кеші жас таланттыларды шыңдады.
  Алдымен, аудан басшысы бастаған қонақтар ауылдағы «Zhasprojekt» жобасы аясында кәсібін дөңгелетіп отырған жастардың жарқын жобасымен танысты. Айта кететіні, түгіскендік жастар аудан бойынша ең көп грант жеңіп алған болатын. Яғни, жеті жоба қолдау тауып, бүгінде жастар шағын кәсібінен нәпақа тауып отыр. Ата кәсіптің көкжиегін кеңейтіп, балаларға жарқын бағыт көрсетіп, спорт саласына серпін беріп жатқан жастарға Ғалым Махмұтбайұлы сәттілік тіледі. Берекелі Аққорған ауылындағы той одан әрі сазгердің кешімен өрілді.
Өнер кешінде ауылдықтарды аудан әкімі торқалы 90 жылдықпен тұспа-тұс келген сазгердің 60 жылдық тойымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Жастары бәсекеге қабылетті елдің ұтары көп. Бүгінде жаңақорғандық жастар шағын кәсіптің шаруасын ширатып, бәсекеге қабылеттілігін көрсетіп келеді. Оның ішінде аққорғандықтардың да қосқан үлесін айта кеткен жөн. Берекелі ауылдың мерекесі таусылмасын, – деді.
Сонымен, композитордың төл туындылары ішінде халықтың ыстық ықыласына бөленіп, өз бағасын ала алған әуезді әндері сахна төрінде шырқалды. Жарысқа қатысушы алты үміткер жанды дауыста ән шырқап, қазылар алқасының әділ бағасын алды. Сайысқа кеш иесі Құлахмет Нәлтаев, М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері Талап Тотаев және аудандық мәдениет үйінің №1 мәдени кешенінің меңгерушісі Сайран Ділманов әділ төрелігін жасады.
Түгіскендіктерді тамаша дауысымен тамсандырған талантты өнер иелеріне қошемет ерекше болды. Әсіресе, жерлестері шыққанда тік тұрып шапалақ ұрған ауылдастарға әншілер естен кетпес кеш сыйлады.
Байқау нәтижесі бойынша, «Жаңақорған асыл арман» әнін орындаған қандөздік Сұлтан Нұрбаев «Алғыс хатпен» марапатталды. Келінтөбеден келген Қайрат Мүтән мен аққорғандық Оразәлі Сұлтанов жүлделі үшінші орыннан көрінді. Ал, екінші орынды гитарамен ән айтуда елге танымал талант иесі түгіс­кендік Асылжан Омаров иеленді. Ал, «Ауылым» атты туған жер туралы әнді керемет орындап шыққан қожа­кенттік Талғат Тұрсынбаев бірінші орынды жеңіп алды.
Жас болса да талантты қыз Балауса Саханның орын­дауындағы «Қызыл ала орамал» әніне көрермендердің ықыласы ерекше ауды. Аудандық мәдениет үйінің жас әншісінің өнеріне жоғары баға берген қазылар алқасы бас жүлдені берді.
Кешті қорытқан дирижер Құлахмет Нәлтаев шараға атсалысқан жандарға алғысын жеткізді.

  "ЖТ" ақпарат.

---
11 қараша 2018 ж. 932 0