№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ТОРҚАЛЫ ТОЙДЫҢ ТАРТУЫ

ТОРҚАЛЫ ТОЙДЫҢ ТАРТУЫ

ТОЙ СЫҒАНАҚ
ШАҺАРЫНДА БАСТАЛДЫ

Думандатып даланы, күймелей жүріп ән қылған,
Өткеніне көз тастап, руханияты жаңғырған.
Мәңгілік елдің ұл-қызы, тойлай-тұғын күн бүгін,
Жасампаз Жаңақорғанның, торқалы тоқсан жылдығын.
Иә, қарт Қаратау мен сұлу Сырдың бойында қоныс тепкен киелі Жаңақорған топырағында үлкен мереке. Іргетасы тоқсан жыл бұрын қаланған ауданның тарихы тереңде жатыр. Кешегі қазақ елінің астанасы болған Сығанақ қаласы осы дала төрінде. Киелі шаһардың келбеті қайта әрленіп, сыры бүгілген естеліктер қайта жаңғырып келеді. Сондықтан, осынау ұлы мереке, торқалы тоқсан жылдық Сығанақ қалашығында басталды.
Салтанатты шара басталмас бұрын алыс-жақыннан келген қонақтар мен ардагерлер қауымы аудан әкімі бастаған алқалы топпен көне шаһардың бүгінгі келбетімен танысты. Одан кейін, ауылдық округтегі балабақша ұжымының көрмесін тамашалады. Ежелгі күннен сыр шертетін салт-дәстүрлер, ұлттық ойын мен темірден түйін түйген ұсталар ІХ-Х ғасырдағы шаһар өмірін көз алдыңа алып келеді. Ал, елдің қорғаны болған батырлар қасық қаны қалғанша елі үшін атқа қонды, жұрт үшін жанын қиды. Міне, осындай көріністі көрермендерге берген «Сырға толы-Сығанақ» атты қойылым көпшіліктің көңілінен шықты.
Салтанатты шарада алғы сөз алған аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы:
– Жаңару, жаңғыру жолына түскен Жаңақорған перспективалы ауданның бірі. Тарихты тірілтіп, рухты асқақтататын тоқсан жылдық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өрбуде. Сондай алқалы той айтыстың ақтаңгері Манап Көкеновтің 90 жылдығымен қабат келді. той құтты болсын, ағайын!, – деді.
Одан кейін облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов:
– Биылғы жыл қазақ тарихы үшін жаңа дәуірдің бастау алуы. Олай дейтініміз биыл Елорданың 20 жылдығы, Сыр елінің 200 жылдығы тарих парақтарын қайта жаңғыртты. Осы тұста қос тоймен қабаттаса келген Жаңақорғанның 90 жылдық мерейтойы да алаш жұрты үшін үлкен мереке. Бұл тек ауданның тойы емес, бұл күллі қазақ елінің мерекесі. Сондықтан, осындай дүбірлі тойға облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының ыстық сәлемін ала келдім. Ауданның әлеуметтік-экономикалық өсуі арта берсін... – деді.
Ізгі тілектерден кейін өнерлі ұжым биден шашу шашып, әнмен даланы тербеді. Аудандық тарихи-өлкетану музейі Сығанақ қалашығынан табылған теңгелер мен құмыралардан көрме жасап, көпшілікке ұсынды. Сонымен сағат 10.30. Келесі сапарымыз Манап ақынның туған ауылына бағытталды.
МАНАП АУЫЛЫНДАҒЫ МЕРЕКЕ
Биыл ауданмен құрдас Манап ақынның да 90 жылдығы әрбір елді-мекенде тойлануда. Өнері ұлықталып, салған сара жолы жастарға рухани демеу сыйлап келеді. Әсіресе, мектеп шәкірттері ақын өлеңдерімен сусындап, жырларын жаттап, шабыттануда. Осындай қуанышты күн ақынның туған ауылына да келді.
Алдымен, ауылдағы ағайынның асыға күтіп жүрген мешіті ашылды. Қасиетті жұма күнінде имандылық үйінің ашылуына көрші ауылдардағы жұрт түгел жиналды. Игілікті істің басы-қасында жүрген азаматтарға аудан басшысы алғысын білдіріп, ыстық ілтипат танытты.
Одан кейін облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Әбуов ізгі тілегін білдіріп, ауданның бас имамына кітап тарту етіп:
«Алла осы имандылық үйін салуға жәрдемші, қолғанат болған әрбір азаматтың ризығын көбейтсін. Тек отбасыларында береке орнасын. Осындай сауапты іс істеу әрбірімізге бұйырсын», – деп мешіт құрылысын салуға қолжәрдем жасаған жандарға ризалығын білдірді.
Сондай-ақ, ауданның бас имамы Сәйділла Омаров та ауыл жұртына алғысын жеткізіп, ата рухына Құран бағыштады. Ал, ауыл ақсақалдары атынан Түгіскен және Манап ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Молдахмет Ибрагимов пен Қуанышбек Мейірбеков сөз алды. Руханият ордасын салуға ат салысқан әрбір жанның есімін атап, ауыл халқы атынан алғысын жеткізді.
Айта кетейік, мешіт құрылысына ауылдағы кәсіпкерлер мен киелі Түркістан өңірінің азаматтары атсалысты. Яғни, асар әдісімен салынды. Бұл 90 жылдық тарихы бар ауданда бой көтерген 35-ші Алла үйі.
Рухани орданың ашылуына алыс-жақын жұрағат сүйінші сұрай келіпті. Алыстан ат терлете келген құрметті қонақтар, елге танымал тұлғалалар жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Алла үйінің ашылуына ауылдықтар Жаратқаннан нығмет тілеп, игі іске бастамашы болып атсалысқан азаматтарға алғыс айтумен болды. Ауыл игілігі үшін сауапқа кенелген ағалар ісі – інілерге өнеге. Ауылдың көркеюіне атсалысқан жандарға Алланың нұры төгілері сөзсіз. «Туған жерге –тағзым» деген осы болса керек. Иә, өскелең ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелейтін құлшылық үйінің бой көтеруіне қызмет қылған жандардың ісіне дән разымыз.
Сонымен, рухани шара мұнымен бітпеді. Түс ауа «Манап жүрген ізбенен» атты тақырыптағы мәдени кешке аудандық мәдениет үйі мен ауыл өнерпаздары ұйытқы болды. Кешегі совхоз жылдарында қырманның басында диқаншы қауымға дем беріп, жайлауда малшыларға жігер сыйлаған Манап ақынның бір күнінен сыр шертумен басталған концерттік бағдарлама өткеннен сыр шертті. Манап ақынның ізін жалғап, сырлас, әрі ұжымдас болған кешегі Нұрберген Тастаев, Бексұлтан Байгенжеев сынды аудан өнерінің марқасқаларының әндері де әуелеп, өлеңдері оқылды. «Ақын әлемі» деген атауда театрландырылған көрініспен басталған шара ақын жерлестеріне рухани азық сыйлады.
Ал, көпшілікті мерекемен құттықтау үшін ел ағасы, облыстан арнайылап келген Ибрагим Абибуллаев пен аудан басшысы Ғалым Әміреев сахна төріне көтерілді. Әр салада ауыл игілігі үшін еңбек етіп жүрген еңбек озаттарын марапаттады. Әсіресе, мешіт салу ісінде қызмет қылған ауылдықтарды құрметке бөлесе, белгілі қолөнерші Пахыриддин Садықов тамаша тарту жасады. Ағаштан түйген түйінін, кілемін манаптық жандарға сыйлады. Айта кетейік, мерейтойға Аралдан бастап Түркістан облысынан арнайы қолөнершілер келіп, көрме ұйымдастырды.
Ал, шара соңында Манап Көкеновтың шығармалар жинағынан «Сүлейлердің соңғы тұяғы» атты кітаптың тұсаукесері болды. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Алмас Манаптың еңбегімен басылып жарық көрген жинақтың тұсауын ақынның үлкен ұлы Әбдікерім кесті. Ары қарай мерекелік шара ауылдың өнерлі ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Түйіндей айтқанда, «тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, ауданның 90 жылдығы осындай жоғары дәрежеде өрбіді.
23 қазан 2018 ж. 1 043 3

ThomasQuiny от 10 желтоқсан 2018 19:59
Привет хотим представить вам партнерку по пуш монетизации. Пуш подписки дают отличную возможность манетизировать ваш сайт в пасивном режиме. Этот способ дохода обсюлютно легален. Приглашаем Вас начать зарабатывать на своем сайте или по партнерской программе где вы получаете отчисления от приглашенных рекламодателей и вэбмастеров. Всем кому интересен данный вид заработка можно перейти по ССЫЛКЕ(КЛИК) для регистрации.

Jacobdak от 15 ақпан 2019 02:45
Привет хотим представить вам партнерку по пуш монетизации[url=http://okeanmatrasov.ru].[/url] Всем кому интересен данный вид заработка можно перейти по ССЫЛКЕ(КЛИК) для регистрации. ============================================================================ Hi I want to introduce you to the affiliate program at push monetization Anyone who is interested in this kind of earnings you can go to the LINK(CLICK) for registration.

Edwardfek от 1 тамыз 2019 02:17
Hello everyone! I want to present you the best site for sex Dating. Click on me ... -------------------------------------------------------------------------------
---------------------- Хочу представить вам лучший сайт для секс знакомств. Нажми на меня ...