№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «АЙМАН-ШОЛПАН» ДАСТАНЫ: СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТЫ ТҰСЫ...

«АЙМАН-ШОЛПАН» ДАСТАНЫ: СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТЫ ТҰСЫ...

 «Айман – Шолпан» дастанының кейіпкерлері, апалы-сіңлілі ару қыздар. «Айман-Шолпан» – басқа лиро-эпостық жырларға қарағанда жаңа сюжетке құрылған жыр. Өйткені жырда халықтың тұрмысы базармен, қаламен, сауда-саттықпен байланыста жырланады. «Батыр» Маман байдың елін шауып, екі қызды жайдақ нарға мінгізіп алып кеткенде, Айманның сүйген жігіті Орынборға мал айдап кетеді. Жыр кейіпкерлері:
         Жырда Көтібар, Есет, Арыстан сияқты тарихи тұлғалардың есімдерінің аталуы – жырдың тарихилық сипатын арттыра түседі.
«Көңілі кең, ақылы дана» айман сіңлісі Шолпан екеуінің басына іс түскенде, аспай-саспай барлық қиыншылықты ақылмен, сабырмен жеңеді. Өзі сүйген жары Әлібекке қосылады. Шолпан мен Арыстанның тіл табысуына өзі дәнекер болып, Көтібарды ақыл мен айланың торына шырмап тастайды. Жырдағы күні өтіп бара жатқан ескі мен жаңаның арасындағы тартыс жаңашыл топтардың жеңісімен аяқталады.
Басқа лиро-эпостық жырларда әйелдің сұлулығы көбірек сипатталса, бұнда әйелдің ақылы мен даналығын мадақтау басым.
Жырдағы бас кейіпкер Айман ақыл-парасаты, тапқырлығы, табандылығы арқылы қиын істің де шешуін шешеді. Екі рудың рубасылары Маман мен Көтібардың арасындағы дауды шешеді. Алайда Көтібар жанжалды тоқтатпай, Маманның екі қызын тұтқынға алады. Қазақ дәстүрі бойынша, қыз баланы түйенің қомына отырғызу қорлықты, кемсітушілікті білдіреді екен. Алайда екі қыз бұған жаси қоймайды. Ауылына барған соң, Айман Көтібарға сіңлісі Шолпанды елге қайтаруын өтінеді. Сіңлісінен сүйген жігіті Есетке өзін екі айдың ішінде келіп алып кетуін айтып сәлем жолдайды. Көтібар Айманға үйленбек болады. Айман Көтібардың ұлы Есетке сыйлық жасайды. Әлібек келгенде Көтібар екеуін айқастырмай, істі жөнге салуды ойлайды.
Екеуі не қылса да бітпек болды,
Ойлады бітісуге жақсы жолды.
Екі жақтан малды Айман қайтарғызып,
Маманға Арыстанды күйеу қылды.
Айман қыз сөйтіп елді алды бата,
Ісінде болмаған соң зәре қата.
Өзіне Әлібекті күйеу қылып,
Қылады Көтібарды өкіл ата.
Шолпанды берді Маман Арыстанға,
Әр жерде әлсіздерге болысқанға,
Айман қыз ақылменен тату қылды,
Бүйтіп ел болмас еді ұрысқанда.
(Ұлы даланың ұлы қыздары. 3-кітап)
«Қазақ тарихындағы әйелдер» кітабы.
04 қазан 2018 ж. 10 360 0