№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҒАЛАМТОРМЕН ҒАРЫШТЫ БАҚЫЛАҢЫЗ

ҒАЛАМТОРМЕН ҒАРЫШТЫ БАҚЫЛАҢЫЗ



GOOGLE MAPS БАЛПАН МЕН ПЛУТОНҒА САЯХАТ ЖАСАУ МҮМКІНДІГІН АШТЫ, ДЕП ЖАЗДЫ MASSAGET.KZ САЙТЫ.
Google компаниясы Google Maps карталарына жаңарту енгізіп, Күн жүйесіндегі ғаламшарлар мен олардың серіктеріне саяхат жасауға мүмкіндік туғызды. Енді Балпан (Меркурий) мен Шолпан (Венера), Қызылжұлдыз (Марс) бен Есекқырғанның (Юпитер) бедерін үйде отырып зерттеуге болады.
Жаңа нұсқада барлығы он алты аспан денесі бар. Олар: Балпан, Шолпан, Жер, Ай, Қызылжұлдыз, Церера кіші ғаламшары, Есекқырғанның серіктері – Ио, Еуропа мен Ганимед, Қоңырқайдың (Сатурн) серіктері  Мимас, Энцелад, Диона, Рея, Титан мен Япет және Плутон планетасы. Картада әр нысан жайлы түрлі деректер көрсетілген. Қажетті планетаңызды таңдап, оның бедерін көзбен көріп қана қоймай қай кратері немесе тауы қалай аталады, ол атаудың шығу тарихы қандай және қашан ашылған деген секілді сұрақтарға жауап ала аласыз. Google компаниясы хабарлағандай, бұл карталар осыдан жиырма жыл бұрын Қоңырқай мен оның серіктерін зерттеу үшін ғарышқа ұшырылған Кассини аппаратының Жерге жіберген жарты миллионға жуық суреттері негізінде жасалған.
28 наурыз 2018 ж. 1 445 0