№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Қытайлықтар Димаш Құдайберген жайлы фильм түсірмек

Қытайлықтар Димаш Құдайберген жайлы фильм түсірмек


Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қытайлық компания қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жайлы фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы зиялы қауым өкілдері форумында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева айтып берді.
“Биыл біз “Еуразия” кинофестиваліне келетін BJ Brothers компаниясымен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз. Аталған компания біздің Димаш Құдайберген жайлы фильм түсіруді жоспарлап отыр. Димаш туралы фильм түсіруге ұсыныстар көптеп түскен. Біз бұл туралы Канн фестивалі кезінде директорлармен ақылдасқан болатынмын”, – деді Мұсақожаева.
Әзірге фильмнің сюжеті, жанры, концепциясы жайлы ештеңе беймәлім. Айман Мұсақожаеваның айтуынша, оның анық-қанығы алдағы уақытта талқыланатын болады.
Бұдан бөлек, ректор Димаштың биыл ҚазҰӨА түлегі атанатынын айтты. Сондай-ақ, әншінің бітіру кешіне қатысатынын да сөз етті.
Айта кетейік, Астананың 20-жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық “Еуразия” кинофестивалі 1 мен 7 шілде аралығында өтеді. Оған француз актері Венсан Кассель, Канн кинофестивалінде үздік әйел бейнесі үшін жүлде алған Самал Еслямова, сербиялық кинорежиссер Эмир Кустурица мен басқа да танымал тұлғалар қатысады деп күтілуде.
20 маусым 2018 ж. 1 075 0