№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » БЕДЕЛІ БИІК БАЙҚАУ

БЕДЕЛІ БИІК БАЙҚАУ


Дәлірек айтқанда, аймақтық байқауға Түркістаннан «Тарлан», Тараздан «Сұлу төр», Қызылорда қаласынан «Мереке» және «Сыр самалы», Сырдария ауданынан «Ритм», Жалағаш ауданынан «Жалағаш», Шиеліден «Тұмар» және Жаңақорған ауданынан «Сәлем» тобы қатысып, өзінің шығармашылық шеберлігін көрсетті.
Байқау шарты бойынша Бексұлтан Байкенжеевтің әнін және еркін тақырыптағы шығарма орындау ұсынылды. Осы тапсырма бойынша сегіз ансамбль жергілікті композитордың «Әйелдер-ай», «Ақ Баян», «Ақ гүлім», «Сырдария» әнін шырқады.
Аймақтың үздік ансамблін анықтауға белгілі композитор Дүйсенхан Сыздықов қатысты. Сондай-ақ, әділ қазы алқасының мүшесі ретінде мәдениет қайраткері Альберт Алмағанбетов, музыка өңдеуші Валерий Туровский өнер ұжымдарының қабілет-қарымын, ұжымдық орындаушылық шеберлігін саралады.
Байқау қортындысында өзінің шығармашылық шеберлігін мойындатып, кәсіби біліктілігі жоғары екенін дәлелдеген «Жалағаш» ансамблінің жетекшісі Ақылбек Әбиев, «Тұмар» ансамблінің жетекшісі Бектұрған Өмірсерік, «Шиелі» ансамблінің жетекшісі Бақытжан Исламхан, «Сәлем» ансамблінің жетекшісі Оразғали Бидашев арнайы сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, «Ритм» ансамблі мен «Сұлу төр» үшінші орыннан көрінсе, «Сыр Самалы» ансамблі екінші орынды місе тұтты. Аймақтық байқауда үздік өнерімен танылған «Тарлан» ансамблі бірінші орынға ие болды. «Мереке» ансамблі байқаудың бас жүлдесін қанжығасына байлады.
Байқауда Жаңақорғанның абыройын асқақтатып, «Ең жас ансамбль» атанған «Сәлемнің» жетекшісі Оразғали Бидашев дайындықты үдете түсіп, биіктерден көрінетініне сендірді.
Байқау барысында «Экспресс» ансамблінің қалыптасуына және дамуына үлес қосқан Махмуд Ибрагимов, Сабырхан Тұтқабай, Тасболат Мықтыбаев, Бибіраба Байболсынова, Бекен Төребай, Жақсыгүл Бегманова сынды өнерге жақын тұлғалар естеліктерімен бөлісіп, әннен шашу шашты.

P.S.: Экспрестіктер 45 жылдық мерейтойын композитор Бексұлтан Байкенжеевтің шығармашылығымен байланыстыра тойлағанынан, «Туған жер» бағдарламасының нышанын байқадық. Тұлғатануға арналған келелі байқаудың беделі осылайша биіктей түсті. Мұны республикалық деңгейге көтерілген шарадан аңғаруға болады...

Мақпал МАРҚАБАЙ.
04 қаңтар 2018 ж. 1 520 0