Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 008

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 041

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 853

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 355

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 563

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 555

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » » ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАНАТТАНДЫРАДЫ

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАНАТТАНДЫРАДЫ


Білім ордасынан келгендер арасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отба-сының балаларына басымдық беріліпті. Сондай-ақ, түрлі білім додаларында үздік шыққан білімпаздар да бар. Игілікті шараға аудан әкімінің орынбасары Серқожа Ыдырысов пен аудандық білім бөлімі басшысы Болат Ибрагимов арнайы қатысып, оқушыларды құттықтады.
– Ғылым мен білім салтанат құрған дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Демек, білекке емес, білімге арқа сүйейтін заман келді. Сондықтан, тек оқуға көңіл бөліп, сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Елбасы бағдарламалық мақалада: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» деді. Ендеше, қанымызда бар қасиетті жаңғырта білейік, – деді Серқожа Ыдырысұлы.
Одан кейін ауданның бас ұстазы Болат Мақсұтұлы шәкірттерге оқу жылында жаңа табыстарға жетулеріне тілектестік білдірді. Басшылар «Туған жер» бағдарламасы аясында дайындалған жаңажылдық сыйлықтарды оқушыларға табыстады. Мәз-мейрам болған оқушылар қуаныштарымен бөлісті.
– Аудан әкімі тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлыққа үлкен рахмет айтамын. Өте қуаныштымын. Сабағымызды жақсы оқып, Қазақстанның білімді оқу-шыларының алды болуға тырысамын, – деді №52 Б.Аралбаев атындағы білім ордасының оқушысы Гүлжазира Серікова.
Айта кетейік, аудан әкімінің арнайы сыйлығына аудандағы барлық білім ошағындағы техникалық қызметшілердің балалары да ие болды. Бұл да үлкен мәртебе. Көңілді күн ары қарай аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасымен жалғасты.
– Аудан әкімі және білім қызмет-керлерінің мұндай игі ісі шәкірттерге үлкен демеу. Балалар – біздің болашағымыз, елдің ертеңі, келешектің көпірі. Сондықтан, оларға ұстаздық қана емес, ағалық қамқорлық танытып жатқан жандарға ата-аналар атынан алғыс айтамын. Қызметтерінің жемісін көріп, ел игілігі жолында еңбек ете берсін, – деді Ләззат Махатаева.

Түйін. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы – білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Рухани жаңғырудағы осы басымдықты Жаңақорған ауданында білімпаздар мен ұстаздарға қамқорлық көрсету, білім беруге бағытталған реформаларды сәтті жүзеге асыру арқылы шындыққа айнылдыра бастады...

Әлібек ТЕМІРБЕК.
04 қаңтар 2018 ж. 1 557 0