№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ән әлеміндегі әсемдікті әдепсіздік бұзады

Ән әлеміндегі әсемдікті әдепсіздік бұзады


Бүгінгі таңда тыңдармандардың өнерге деген талғамы биік. Бұл бағытта еліміздің өнер иелері талмай қызмет етіп келеді. Әрине, бүкіл халыққа бірдей ұнау мүмкін емес. Десе де, соңғы кездері желіккен жастардың «сүйіктісіне» айналған МС Сайлаубекті айтсақ болады. Ғаламторда оның сан мыңдаған тыңдармандары тілдері былдырлап қолдау көрсетуде. Бұлай деуміздің себебі шолжың әншілер қайыртпақ әндерді айтқанымен қоймай, киелі сахна төрінде талғамсыз тайраңдауда.
Ашылғанына екі жыл болған «Гәкку» телеарнасында тек қазақ эстрада жұлдыздарының әнін тыңдап келеміз. Әрине бұл үлкен қуаныш, әрі жетістік. Алайда нақ осы арнада намысқа кір келтіріп, көңілге кірбің салатын бейнебаяндарға да куәміз. Мәніне үңіліп қарасаңыз, шет елге еліктеу ме, әлде күнделікті өз өмірінің келбеті ме түсініксіз. Ұғып алар тәрбие таба алмайсың. Бұл пікірім біреудің еңбегін аяқ асты ету немесе көре алмаушылық емес, дегенмен келешек жастардың «құлағына алтын сырға» деген естертуіміз ғана. Әнші болу, ән айту өте қиын және де үлкен жауапкершілікті қажет етеді. «Фонограмма» деген ұғым әр елде қалыптасқан, алайда Ресей елінде жеке шығармашылық кеште тек әншілер жанды дауыста шырқайды. Ал, бізде ше, бізде де бар. Бірақ, саусақпен санарлық қана. Ал, түсіріліп жатқан бейбаяндардан қандай өнеге аламыз, жастардың талғамы қандай, бұл үлкен мәселе. Қазір сапасыз клип түсіру көбейіп барады, бұл да қаржыға келіп тіреледі.
Ал, әннің сөзіне үңілсең, қандай тақырып болмасын жиі қайталанатын сөздер өте көп. Әрі мағыналы сөзді табу қиын. Сөзбен шынайы көріністі суреттеу қалып бара жатқан дәстүр секілді.
Өнер – бизнес көзі.
Өнер әлеміндегі шоу бизнестен гөрі той бизнес деген шарықтап тұр. Қазір жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ секілді қаптаған әншілер көбейді. Саны бар, сапасы аз. Қазір тойларға сырттан биші мен әнші шақыру заңды. Бишілердің көбі көруге ұялатындай киім киеді. Өзім куә болған мына көріністі ұрпаққа сабақ болар деген оймен айтқым келеді. Бір ағайынның тойында ашық-шашық киінген қара көз қазақ қыздарының екі биін көргеннен кейін, үшінші биін көргіміз келмей тамадаға айтып жүріп шығартпай қойғанымыз бар. Бұрын мұндай жағдай ірі мегаполисте ғана көрініс тапса, қазір қазақылық қаймағы бар ауылдарға да келіп жетті.
Еліктеушілік еркекке тән емес.
Ия, кәріс пен түрік елдеріне еліктеу басым. Осындай көрініске жақында куә болдым. Сол «Гәкку» арнасынан бес жігіттің клипін көрдім. Кәріс стилінен кем емес, жігіттердің ізденгені көрініп тұр. Бірақ не кәріс, не қазақ емес дүбара дүниені шығарған. Осы бейне баянды көріп отырған ағамның қызы «аға мыналар қыз ба, ұл ма» дегенді естіп жаға ұстадым. Бұл жайт бізді іштей қынжылтқанымен, оларға бәрібір.
Қазақ жігіттерінің шынайы келбетін көрсететін, көлемі кең, мағынасы терең, өзгеге ой салатын кино түсірсе жетістік сонда болар. Ертеңгі ұрпақ есорсоқтанып, ерсі қылықтарымен киелі сахнаны қорлауына қалай төземіз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
17 қаңтар 2018 ж. 1 509 0