№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ЕКПЕ – ДЕРТКЕ, ЕГУ – СЕРТКЕ СЫН

ЕКПЕ – ДЕРТКЕ, ЕГУ – СЕРТКЕ СЫН

Әлем әбігерге түсті, дерт дендемеуі үшін дабыл қақты. Оны алдын алудың бірден-бір жолы – вакцина егу екенін дәлелдеді. Сол мақсатта жаппай егу жұмыстарын қарқынды жүргізуге халықтық мәселе деп мемлекет болып кірісті. Қазақстанда жағдай тұрақталып біткен жоқ, әлі де оқшаулау әдісі қолға алынып келеді. Мұндайда көрші елдерде етек алған қауіптен сақтану шаралары қатаң бақылауға алынуы тиіс.

Осыған байланысты ҚР Үкіметінің басшысы А.Мамин қауіптен қорғанудың қосымша шаралары туралы барлық деңгейдегі әкімдерге, министрлерге тапсырма берді. Ол көрші елдерде коронавирус ауруының көбеюіне байланысты қосымша профилактикалық шаралар қабылдауды, елімізде бірінші кезекте вакцинациямен қамтуды кеңейту көзделіп отырғанын, маска режимі қалатынын айтты. Олай айтылатындай, жағдайдың жөні бар.Бүгін Мәскеу жабық қалаға айналды. Әлек салған дертпен дәйекті күресу күрт күшейді, себебі көршіміздің бас шаһарында covid-19 күткендегіден де өршіп кетті.Алатау беткейдегі қырғыздардың да жайы мәз емес. Олар бізден көмек күтіп, вакцинамен қамтамасыз етуге жәрдем сұрап отыр. Бәрінің үміті – амандық, дені сау ұрпақ өсіру болып тұр.Әрине, жаман айтпай жақсы жоқ, сақтық қашанда сергек болуды, тиісті талапқа бағынуды сұрайды. Менің елге тілейтінім де осы ғана.Бір өкініштісі, бүгінде әлеуметтік желі беттерінде вакциналаудың қандай түрі басталса да, оған қарсы күштер өз әрекетін үдетіп, екпеге қарсы негізсіз ой, бұлдыр бейнежазба ұйымдастыруға әуестеніп алды. Әркім өз денсаулығына жауапты шығар, бірақ көпке күл шашу күпірлік дүние. Негізі вакцинация ерікті түрде жүргізілуі керек, бірақ бұған бей-жай қарап отыруды уақыт көтермейді. Елдің тыныштығы, адамдарымыздың амандығы бәрінен қымбат. Сол үшін егу жұмыстарын жедел жүргізіп, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға жұмыла атсалысқанымыз жөн деп есептеймін.Кезінде шешек ауруы белең алғанда әлем халқының 98 процентіне вакцина егу арқылы дертті тоқтатқан екен. Міне, осы жағдай бізге бүгін де қажет.Статистикалық мәлімет бойынша, Жаңақорған ауданында 84 мың 700 тұрғын бар. Оның ішінде 18 жастан жоғары 50 мыңға тарта азамат барын ескерсек, осы ортада ұжымдық иммунитет қалыптастыруға кемінде 32 мың 400 дана вакцина егілуі керек екен. Бұл талап орындалмай қай шараға да шектеу болатынын баса айтқым келеді. Ал, қазіргі вакцина егу есебі көңілге қаяу түсіреді. Екпе алуға тиісті жалпы халықтың 28 проценті ғана егу процедурасынан өтті. Мұндай сылбыр әрекет өз мүмкіндігімізді қапы қалдырып, қауқарсыздыққа ұрынсақ әбестік бізді кешірмейді. Ал, әлемдік тәжірибені ескере отырып, мысалы вакцинациялауға жататын халықтың 75%-ті вакцинаның бірінші мөлшерін алған өңірлер үшін шектеулерді толықтай алу алгоритмін бекіту мәселесі қарастырылуда.Мен ауданда алғашқылардың бірі болып вакцина салдырдым. Қазір өзіме сенімдімін. Денсаулығым жақсы, ешқандай ауырсынуды сезінбеймін. Мұндай мүмкіндікті сіз де, басқа да жасай алады, тек бізде ынта-ықылас жетпей жатыр.Бір мәселені ескертуге тиіспін, 1 қыркүйек – жаңа оқу жылы офлайн бойынша сабақ жүргізілетін болады. Осыған орай 18 жасқа толған колледж, университет студенттері тиісті доза вакцинасын екпей толыққанды оқу процесіне қатыса алмайды. Барлық ата-ана осы талапқа дайын болса деймін.


16 маусым 2021 ж. 476 0