№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вакцина – қорғаның!

Вакцина – қорғаның!


Коронавирус пандемиясы шартарапты шарлап, күннен-күнге өршіп барады. Оның дәлелі жаһан жұртының 141 миллионнан астамы індетті жұқтырса, оның 3 миллионнан астамы өлді. Енді тығырықтан шығудың жолы қандай? Вакцина. Иә, коронавирусты жеңудің жолы вакцина салдырып, иммунитетті көтеру керек.


Елімізде коронавирусқа қарсы вакци­налау 1 ақпанда басталды. Екпені ең алдымен медицина қызметкерлері мен мұғалімдер және полиция қызметкерлері қабылдады. Ал сәуір айында жалпыға бірдей екпе салдыру қолжетімдігі артты.
Әлбетте, вакцина қабылдау алдымен өзіміздің, жақындарымыздың денсаулығы үшін аса маңызды. Осы қағиданы ұстанған аудандық азаматтық қорғау саласының қызметкерлері де вакцина салдырып, аурудың алдын алу қамын жасауда.
Екпе адам иммунитетін көтерсе, індетті жұқтыру қауіптілігін азайтады. Сондықтан бірінші кезекте халықпен тығыз қарым-қатынаста қызмет ететіндерге екпе егілуде.
«Қызметімізді адал атқарып қана қоймай, жақындарымызға вирус жұқтырып алмауға тиіспіз» – деді аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Нұрдәулет Бердібеков.
Иә, осы дерттің алдын алудың жолы болса, ол әлбетте екпе ектіру. Құқық қорғау саласының қызметкерлері вакцина салуды бастады. Өйткені, жұқпалы індетпен күресте полиция қызметкерлері дәрігерлермен бірге алдыңғы шепте жүреді. Оны былтырғы ауру қатаң карантин режимі енгізілгенде байқадық.
Вакцина салдырмас бұрын ереже бойынша алдымен әрқайсысының ден­саулығы тексеріліп, кейін екпе салынған соң жарты сағат бойы дәрігердің бақылауында болды.
– Екпе алғаныма 15-20 минуттай бол­ды. Ешқандай әсерін сезініп отырған жоқпын, кәдімгідей қалыпты жағдай. Бұдан қорқудың ешқандай қажеті жоқ. Біздер халықпен тікелей жұмыс істейміз. Алдыңғы кезекте екпе салдырғанымыз дұрыс. Әрбір саналы азамат өзінің болашағы үшін, жақын­дарының амандығы үшін вакцина алу керек деп ойлаймын, – деді Төменарық ауылдық округінің әкімі Нұркен Қошқарбаев.
Ескерте кететіні, елімізде коронавирусқа қарсы вакцина 21 күн аралықпен 2 рет салынады. Бірінші доза антиденелердің шағын көлемде шығарылуына байланысты ұзақ сақталмайтын қорғаныс әсер береді. Екінші доза бірінші кезеңдегі вакцина әсерін күшейтеді және адам ағзасындағы антиденелер саны ұлғаяды. Дәрігерлер вакцина қабылдаған адамдар 2-3 күнге дейін ыстық-суыққа күтініп жүрудің маңызды екенін айтады.
Аудандық санитариялық-эпидемио­ло­гия­лық бақылау басқарма басшысының міндетін атқарушы Шынар Айдарованың сөзінше, аудан бойынша 1160 адам вакцина қабылдады, ішінде, 570 медицина саласының маманы, 117 құқық қорғау органдарынан, 370 мұғалімдер, 60 мемлекеттік қызметкер, 5 студент, 32 адам өз еркімен салдырған.

Әсел РЗАЕВА
20 сәуір 2021 ж. 703 0