№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қоғамды дүрліктірген заң жобасы жайлы не дейміз?

Қоғамды дүрліктірген заң жобасы жайлы не дейміз?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына қатысты Twitter-дегі парақшасында: «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау» – деп жазды. Расында бұл мәселе қоғамды дүрліктірді, көптеген сауалдар жолданды, талқыланды.

Қазақ қоғамына батыс мәдениетінің көбірек келуі, оның ішінде, тұрмыстық жағдайдың енуі елді елең еткізіп отыр. Көз жұма қарап келдік, енді қазақ ұлтының менталитетіне, ұлттық құндылықтары мен дүниетанымына сай келмейтін заң жобасы енгізілсе, онда бұл елдің ертеңінің күретамырына балта болып тиеме деген қорқыныш қоғамда жоқ емес. Бәрін басынан бастайық.
Парламент Мәжілісінің депутаттары «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбы­лыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдап, бірауыздан мақұлдаған болатын. Алайда аталған заң жобасындағы бірқатар баптар мен тармақтарға қатысты қоғам белсенділері қайратты қарсылық танытып, қызу талқылау жүргізуде. Тіпті онлайн-петиция ұйымдастырып, қарсылық білдірушілердің қатарын көбейтіп жатқандар да бар.
«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» туралы заң жоба­сындағы өзгерістер әлі де жоғары жақта талқыланып жатыр. Бұл туралы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саировтың пікірі наразы көңілімізді тыныштандырғандай болды. «Мәжіліс депутаты ретінде заң жобасын зерделеп шықтым. Қоғамда талқыланып жатқан пунктердің көпшілігі заң жобасынан алынып тасталған. Заң жобасының ұлтымыздың рухани кодына сәйкес болуына еңбек ететін боламыз» – деп көптің тілеуін түртіп қойды ол.
Ресми мәліметке сенсек, өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында елімізде құқық қорғау органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бойынша 130 мыңға тарта шағым түсіпті. Оның 2,5 мыңы бойынша қылмыстық іс қозғалса, 30 мыңға жуығы әкімшілік іс санатына жатқызылған. Ал қалған жағдайда жәбірленушілер шағымнан бас тарт­қандықтан құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолданбаған. Бұған қатысты мәселелер біздің де ауданда бар. Аудандық соттағы мәліметке зер салсақ, әкімшілік және азаматтық істердің арасында отбасы дауы, алимент өндіру үлкен мәселе туындатып отыр. Осындайда тәртіп те керек, заң да керек.
Жалпы қазақ отбасы, ошақ қасындағы түйіткілдерге бұрын-соңды заң органдарын араластырған емес. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды деген сөз бар. Өйткені үйлену оңай, үй болу қиын екені рас. Бірақ мәселенің басым көбі маскүнемдік пен әлеуметтік жағдайға келіп тіреледі.
Ал, бала тәрбиесі бұл бөлек әңгіме. Біздің алдымыздағы буын әке қабағына қарап, ата-әженің мектебінен өтіп, еңбек майданында шыңдалды. Олар жаман болмады ма? Жоқ. Білім қуды, ғылымды игерді. Елге қызмет етіп келеді. Осы мәселені кәсіби медиатор Ақылбек Жәнібеков ағамыз былай түсіндірді.
–  Бәріміз бала болдық, ата-анамыз былай тұрсын, ұстазымыз ұрсып та, керек болса ұрып та алатын. Ал, молдалар қолдарына қызыл қамшы ұстап, осып-осып жіберетін. Біз содан жаман болдық па, жоқ, қайта тәлім алдық, тәрбие түйдік, өстік-өндік. Бұл заң үлкен қатерге алып барады. Әлемге әйгілі еврей ұлты да бізден артық тәрбиелемесе кем тәрбие бермейді. Мәселен, сүт алып келуге ыдыс беріп, алдымен нұқып-нұқып алады, өйткені сүтті төгіп алмас үшін. Ал біз қайта төккеннен кейін жұдырық сермейміз. Сол еврей ұлты дамымай қалды ма, қайта экономикасы қарқынды дамып, елдің әлеуеті артып келеді. Сондықтан әр іске ұқыпты қарап, ұлттың ерекшеліктерін байыптап барып заң шығару маңызды, – деді медиатор.
Бүйректен сирақ шығарған заманда өркениет көшіне ілесіп, озық елдермен иық теңестіреміз деп ұлттық кодымызды құрдымға кетіріп алмасақ игі.
Біздіңміндеттатуласуға, бірлікпенынтымаққаүндеу. Отбасыдаерлі-зайыптылардыңтүсінісеалмауыжиіорыналады. Бұлеңбіріншібалаертеңінеқауіпекенірас, бізосындайшаңырақтыңтатуласуынақызмететеміз. Бірақбатыстыңзаңдарынталғамсыз, талапсызкөшіріп, халыққаұсынудыәдеткеайналдырдық. Ресейдебелгілібірзаңкүшінеенсе, көпұзамай... Әсіресе, ұлттыңкелешегінебайланыстықұжаттарұлттыққұндылықтарнегізіндебайыптағандұрыс. Айтайындегенім, қоғамдақызуталқыланыпжатқан «Отбасындағызорлық-зомбылыққақарсыіс-қимыл» туралызаңғаенгі­зілетінөзгерістержетіретпішіп, бірреткесіп, шешімшығарукерек. Өйткені елдің ертеңі осыған байланысты, – деді  А.Жәнібеков.
24 қаңтар 2021 ж. 678 0