Соңғы жаңалықтар

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Тоқаев балаларға зорлық көрсеткендерді қатаң жазаға тартатын заңға қол қойды

Тоқаев балаларға зорлық көрсеткендерді қатаң жазаға тартатын заңға қол қойды

Қазақстан президенті балалар құқығын қорғау жөніндегі заңға өзгерістер енгізді. Енді балаларға зорлық-зомбылық әрекет жасағандардың жазасы қатаңдатылатын болды деп хабарлайды NUR.KZ сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы" газеті.

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Заң мәтіні жариялануға дайындалуда.
Заңның бір нормасы бойынша, балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық әрекеттер жөнінде хабарламаған медицина қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлерге айыппұл салынатын болады.
"Бұл заң жобасы арқылы баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың және балалармен жұмыс істейтін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Мысалы, егер дәрігер соққыға жығылған баланы көрсе, ол құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс", - деп депутат Светлана Бычкова мәлімдеген болатын.
02 сәуір 2019 ж. 865 0