№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұрпақ тәрбиесі – ұлы міндет

Ұрпақ тәрбиесі – ұлы міндет


Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті.
Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақтың тәрбиесіне зор мән берген. Қазіргі қарыштап дамыған елде, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да өскелең ұрпаққа байланысты. Осы тұста мектептің алдына қоятын басты мәселелерінің бірі – өркениетті, азаматтық – адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық құндылығын жоғалтпаған, бәсекеге түсе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Елімізде рухани адамгершілік тәрбиені жетілдіру мемлекеттік міндет деңгейінде көтеріліп отыр. Мемлекеттік және жеке әріптестік ынтымастастығы негізінде балғындар 100 пайыз балабақшамен қамтылды. Біздің “Ақбота” балалар бақшасында өтетін әрбір тәрбиелік-танымдық сабақтар балалардың өзара қарым – қатынасын дамытуына ғана емес, сондай –ақ баланың өзін – өзі тануына, адамгершілік негіздерін жинақтауына, сана- сезімінің қалыптасуына, қоршаған ортамен махаббат, ізглік және өзара түсіністік негізінде өзара қарым – қатынас құра білуіне, бір тұтас тұлғаның қалптасуына әсер етуді көздейді.
Адамгершілік тәрбиесі – бұл адамның туғаннан басталатын және өмір бойы жалғасатын, адамдардың мінез- құлық нормаларын игеруіне бағытталған үздіксіз үрдіс. Оның мазмұны оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу шеңберінде дамиды. Сондықтан оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды орын алмақ.

Құндызай Әлімбетова.
22 мамыр 2018 ж. 2 107 0