№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Біз неге таза өлкеге айналмаймыз?

Біз неге таза өлкеге айналмаймыз?

Таңғы таза ауада көшеге шыққаным сол, көрші үйдің тұсына тасталған қоқыс қалтаны жұлмалап жатқан итке көзім түсті. Арнайы тазалық көлігі қоқысты алып кеткенінше көретініміз осы. Дегенмен әр көшеге арнайы қоқыс жәшігін орнатса, ауданымыз біршама тазарып қалар ма еді? Бізде әлі тазалық мәдениеті қалыптаспай келе жатыр. Төрт аяқты хайуан түгілі кейде тұрғындардың өзі көрінген жерге қоқысты  лақтырып, көшені ластап жататынын көріп жүрміз.

«Тазалық-саулық негізі, саулық-байлық негізі» деп бекер айтылмаса керек-ті. Тазалық болған жерде адамның денсаулығы да нығая түсетіні сөзсіз. Әсіресе, дүниежүзіне төнген үлкен нәубетке қарсы күрестің  бірі – тазалық сақтау. Онсызда біздің аймақтың өзге өңірлерге қарағанда экологиялық ахуалы мәз емес. Жылдың қай мезгілі болмасын жел тұрып, топырағы құм суырып, шаңы аспанға көтеріледі де жатады. Аудан басшылығының ел-жер тазалығына бел шеше, білек түре кіріскені көрер көзге көрініп-ақ жүр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демей ме? Егер басшылық пен халық арасында алтын көпір орнаса шешілмейтін түйін жоқ. Бар жұмысты тазалық мекемесі мен жауапты қызметкерлерге ғана ысырып тастау қисынға келмейді. Әрине олардың бұл тікелей міндеті шығар, бірақ әрбір тұрғын туған өлкеге жанашырлық танытқаны жөн.
Кеше кент әкімі Есдәулет Сейілов көше комитеттерінің басын қосып, үлкен жиын өткізді. Жиынның негізгі мәселесі – көшелердің тазалығы. Кенттің тазалығын ұдайы қадағалап, тиісті жерлерге жауапты адамдарды белгілеп, тұрғындарды бір кісідей тазалықты үндеуге шақыру керек. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 17 қазан күні аудан әкімдігі мен кент әкімдігінің ұйымдастыруымен кент орталығындағы негізгі көшелерге, саябақтар мен мекемелер аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке ауданға қарасты 82 бөлімдер мен мекемелер тартылып, 40 нысанға тазалық жұмыстары жүргізілді. Осындай нақты іске көшетін болсақ, ауданымыз көркейе береді. Ол үшін мекеме мамандары мен көше комитеттері  берлесе жұмыс жасаса деген тілегіміз бар. Өздеріңіз де білесіздер, кент келбеті көркейіп, көшелер жаңартылып, дамудың даңғыл жолында келе жатырмыз – деді кент әкімі.
«Тазалық – денсаулық кепілі». Осы сөзге мән бере бермейтініміз рас. Бірақ бүгінде көптеген аурулардың көбеюіне ауаның ластануы себеп болуда. Бұл мәселе әлем елдерінің де назарын бұрғызды. Бұл жөнінде аудан тұрғындарының арасында сауал жүргізіп, халықтың пікірін де білген едік.
Еспаев Мұрат: Бізде тазалық жоқтың қасы. Қай көшеге барсаң да үйіліп жатқан бөтелке, баклашка қалдықтары мен ақтарылып жатқан бала жөргектерін көремін. Жауапты мекемелерден бөлек, әрбір үй тұрғыны өздерінің ауласын таза ұстаса, айналасын жиып-теріп отырса, мұндай олқылықтар болмас еді. Мысалы, өзім үйімнің айналасын күнде жинап отырамын. Есігімнің алды тап-таза болып тұрса, маған да жақсы ғой.
Айманова Гүлсім: Ауданымыздың тазалығы бұрынғы жылдарға қарағанда әлдеқайда жақсы. Қаланың тұрмыс-тіршілігіне бейімделіп келе жатырмыз. Таң атысымен көшемізде көліктер қоқыстарды жинап, үйіміздің алдынан алып кетіп жатыр. Бұрын қоқыстан аяқ алып жүре алмайтынбыз. Тіпті,  өлген ит, мысықтардың иісінен аузы-мұрнымызды жауып әрең өтетінбіз. Қазір олай емес. Орталық көшелерге қарасам  көңілім жайланып, кәдімгідей қуанып қаламын. Айнала мұнтаздай тап-таза, жарықтар жарқырап, әдемі ғимараттар көбейіп келе жатыр. Осы қарқынмен шағын қаланың қатарына кіретін шығармыз деген ойым бар.
Құттыбаева Шолпан: Бізде сыйлы адамдар келетін кезде ғана көшелер тазаланып, су себіліп жатады ғой. Басқа кезде қай көше болмасын қоқыстан көз ашпайды. Жол бойындағы арықтардың ішіне қарасаң небір сұмдыққа көз түседі. Адамнан ұят кеткен заман болды. Тапа- тал түсте қолындағы қоқысын лақтырып, көшені ластап кете баратындар көп. Айналасынан ұялмайды. Бәлкім көшелерге қоқыс тастайтын жәшіктерді көбірек орнатса, қарапайым жұртшылық соған үйренетін шығар. Тиісті орындарға құлаққағыс болсын дегім келеді.
Айта  кетейік, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің негізгі бағыттары  – қағаз өнімдері, әйнек сынықтары, бөтелкелер, пластик өнімдер мен ағаш, темір заттары болып жік-жікке бөлінеді. Керек десеңіз, тамақ қалдықтарының өзінен биогаз өндіретін мемлекеттер де бар. Мәселен, Францияда қоқысты өртейтін кешенді зауыттар: қоқысты қайта өңдеу арқылы 30% алюминий, 50% әйнек, 50% газет қағазын өндіреді екен. Ал, көршілес Қытай елінде бір ғана Шанхай қаласының өзінде мыңдаған қоқыс қабылдау орындарында 2,5 миллионнан астам жұмысшы еңбек етеді.
Сондай-ақ әлемнің көп елдерінде қоқысты өртеуге қатаң тыйым салынған. Өйткені, тұрмыс қалдықтарынан түрлі улы газдар бөлініп ауаны ластайды. «Таза табиғат-халық байлығы» деп жатады. Олай болса, қолда бар байлығымызды бағалап, әр адам өз ауласынан бастап, жауапкершілікпен қараса нұр үстіне нұр.
Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ
01 қараша 2020 ж. 749 0