Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тазалық сақтау мәдениеттен

Тазалық сақтау мәдениеттен

«Тазалық– денсаулық кепілі». Алайда мұны әр тұрғын әртүрлі қабылдайды. Иә, әр адамның ішкі мәдениетіне байланысты болып тұр.
Шын мәнінде тазалық жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Тек оны сақтау қиын болып тұр. Осы тұрғыдақоғамдық жұмыс негізінде тазалыққа үлес қосып жүргендерді әңгімеге тартқан едік.
Алдымен кент тазалығына жауапты маман Абдукаримов Орынбасарды сөзге тарттық.
– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қоғамдық негізде 32 адам білек сыбана кірісіп жұмыс жасаса, оған 5 техника қызмет көрсетуде. Осы уақытқа дейін шығарылған күл-қоқыс өлшемі 7-8 тонна. «Жаңақорған тазалық» және  «Нұр-Шах» кәсіпорнында 11 адам тазалық жұмыстарымен айналысса, олар 88 көшені тазалайды,  – дейді.
Кент көшелерінің жартысынан астамының тазалығына жауапты Нұр-Шах» кәсіпорнының басшысы Нұрлан Садуақасов:
– Әрбір тұрғын өз үй-жайларының айналасын жинап, жанатын тұр­мыстық қалдықты мұқият өртеп, басқа қалдықтарды уақтылы арнайы қоқыс салатын қапқа салып шығаруды әдетке айналдырған. Осы тұста айына төленетін төлем жағы ақсаңдап тұр. Әкімшілік тарапынан қолдау білдіру жайында ұсынысымды жеткіздім. «Ауы­­лына қарап азаматын таны» дейді атам қазақ. Сырттан қараған сыншыл көз ауданымызға қызыға қараса мақтаныш емес пе? Осы ретте, өскелең ұрпағымыздың дені сау болсын десек, айналамыздың таза тұруына баршамыз атсалыссақ, – деп ойын жеткізді.
Бұл кәсіпорын күніне 4 тонна қоқыс жинап, желтоқсан айынан бері 500 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарған. Оның  130 тоннаға жуығы қайта өңделсе, оларға 4 көлік қызмет көрсетуде.
Ал «Жаңақорған тазалық» меке­месінде 10 адам жұмыс жасап, күніне 4 тоннаға жуық қоқыс жинап, сапалы жұмыс жасау барысында оларға 3 техника үздіксіз қызмет көрсетуде.
Көше тазалығы – көпке абырой. Тазалық – денсаулық кепілі. Демек, деннің саулығы – тұтас халықтың саулығы. Айтылған қанатты сөзді қиюын келтіргенде ғана қолдана салатынымыз бар. Алайда, іске келгенде қаперімізге алмайтын болдық. Көшенің тазалығына атүсті қарағаннан жағалай тау-тау болып үйілген қоқыстан ада болсақ, келешек ұрпағымыз да таза табиғат аясында кең тыныс алатын болады.
Лаура БИБАСАРОВА
19 мамыр 2020 ж. 1 044 0