Шанияр Айзат өз өнерімен көпті қуантып жүр
Шанияр Айзат өз өнерімен көпті қуантып жүр. Тумысынан талантты жасты кейіпкер етіп, мақсат-мұратын білдік.
– Өнерге келуіме анам себепкер болды. Әнші Әйгерім Қалаубаеваның әндері жаныма жақын. Бүгінде «Әлшекей» атындағы өнер мектебінің би үйірмесіне барамын. Ұстазым Ажар Қаблановадан тәлім алып жатқаныма дән ризамын, – дейді жас өрен.
Расында, Жаңақорған дарынды жастарға бай. Солардың қатарында Айзаттың өзіндік биігі, өзіндік орны бар. С.Сапарбеков атындағы №125 мектептің өнерлісі бәсекелі байқауларда биіктен көрініп, ата-анасы мен ұстаздарын қуантып жүр. Мәселен, «BILGEN BAIGE» республикалық олимпиадасының іріктеу кезеңінен іркілмей өтіп, «Алғыс хатпен» марапатталды.
– Айзаттың орындаушылық өнерін 4 жасында байқадық. Ата-анасы Айып пен Әйгерімнің және ұстазы Ажардың ықпалымен сахна мәдениетін меңгерді. Келешегінен үміт күттіретін немерем еңбекқор, ізденімпаз, – дейді әжесі Дана.
Бос уақытында би билеп, ән орындау қабілетін жетілдіреді. Ағылшын тілін меңгеруге мән беріп, таэквондомен шұғылданады.
Айзаттың осының бәріне қалай уақыт табатыны таңқалдырды.
– Ықылас, ниет болса, бәріне де уақыт табуға болады, – дейді мұраты асқақ өнерпаз.
Оның арманы орындаушылық шеберлігін арттырып, елге танымал өнерпаз болу. Одан бөлек, антына адал ақ халатты абзал жан болуды да қалайды.
Лаура АЙДАРХАН