Конституция

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Кіп-кішкентай болып, әртіс өзі..

Кіп-кішкентай болып, әртіс өзі..


Заңғар Серік небәрі 5 жаста болса да, әртістік қабілетін шыңдап жүрген балғын.
Ауданның кішкентай өнерлі тумасы Заңғарды кейіпкер етуіміздің де өзіндік себебі бар.

– Менің мұратым – елге танымал әртіс болу. Осы жолда білім алып, ата-анам мен ұстаздарымның айтқанын мұхият орындауға мән беремін, – дейді арманы асқақ, мақсаты айқын бүлдіршін.
Оның өнері жайлы білмекке анасы мен ұстаздарымен тілдестік.
– Осындай қабілеті бар екендігін 2 жасынан байқадым, теледидардан көрген қызықтарын қайталап бізді қуантып жүреді. Зеректігінен болар бір-екі рет қарап тыңдағанын жатқа айтып береді. Балабақшаға барғаннан бастап театр үйірмесіне қатысып, ән айтып, спортқа да қызығушылығын көрсетті, – дейді анасы Гүлбану Маханбетова.
Әр бала өзінше бір дара образ, әрқайсысының бойындағы қабілетін ашса, бағындырар белесі биік болары ақиқат. Мұндайда балабақша тәрбиешілерінің әсері зор.
«Жұбаныш-А» балабақшасының тәрбиеленушісі Заңғардың өнері жайлы сұрамаққа балабақшадағы тәрбиешісі Мөлдір Болатқызын сөзге тарттық.
– Заңғардың осындай қабілетін балабақша табалдырығын аттағаннан-ақ байқадық. Біздің бақшамызда «Драма» оқу қызметі бар. Сонда балалардың шама-шарқына қарай қуыршақ, саусақ, «Тантамареска» театрларында түрлі кейіпкерлерді сомдайды. Солардың ішінде Заңғар әртістік қабілетінімен ерекшеленіп тұрады. Балабақша ішінде өтетін шараларға белсенді қатысып, қарым-қабілетін көрсетіп келеді, – дейді ұстазы.
Ұстаздарының жетекшілігімен бола­шағынан зор үміт күттіріп жүрген Заңғар есімді өнерлі бүлдіршініміз ер жетіп келеді. Елінің ертеңі, ата-анасының үкілі үміті Заңғардың бойындағы білім мен өнерге деген талпынысы оны биік белестерге жетелейді.

Майра ҒАНИЕВА
29 қазан 2019 ж. 1 349 0