№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бас жүлде Сафиянұрда

Бас жүлде Сафиянұрда


Зеректігімен көзге түсіп, алғырлығымен алда жүрген ақүйіктік Сафиянұр Жарқынқызы тағы да өнер биігінен көрінді. Ол Түркістан қаласында өткен «Мәңгілік ел алыптары» атты Республикалық рухани-патриоттық байқауда, «Көркем сөз оқу өнері» номинациясы бойынша бас жүлдені иемденді. Есімі ерекше, өнері дара жас өреннің өзімен жақынырақ танысуды жөн көрдік.


Әңгімелесе отырып, білгеніміздей бұл өнер оған ананың сүтімен, әкенің қанымен дарыпты. Балабақша табалдырығынан бастап талайды тамсандырғаны бөлек әңгіме, бүгінде республикалық, халықаралық өнер, білім байқауында алғы орыннан көрініп келеді екен. Оны өнерге баулыған анасы, бүгінде білім ұясындағы ұстазы.
– Сафиянұр отбасындағы еркеміз. Үш жасынан бастап балабақшадағы мерекелік шараларда көзге түсіп жүрді. Жолдасым екеуміз өнерден құр алақан емеспіз. Балалардың өнеріне қолдау көрсетіп, жан – жақты етіп тәрбиелеу міндетіміз деп білемін. Алғаш 2017 жылы Халықаралық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би және өнер байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша бас жүлдегері атанды. Осыдан бастап өнерге деген құштарлығы артты. 2018 жылы математикадан халықаралық «Кенгуру» білімпаздар байқауында екінші орыннан көрінді. Осы жылы «Бозторғай» балалар байқауында көркем сөз оқудан қазылардың оң бағасын алды, – дейді анасы Дина Ануарбекқызы.
Білімпаз жас бүгінде технологияның оң әсерін көріп онлайн байқауларда өнерін ортаға салып жүр. Өткен жылы «Ұлы дала баласы» атты онлайн байқауда жанды дауыста патриоттық ән айтып бірінші орынды иемденіпті. Сафиянұрдың біз байқаған тағы бір қыры көргенін айнытпай қағаз бетіне бейнелеп береді. Мұндай өнерімен де көзге түсіп үлгерген. Бірлік ауылындағы С.Қожанов атындағы N55 мектептің оқушысы Сафиянұр сыныбында да үздік, білім ұясындағы шаралардан үнемі табылып жүреді. Мұндағы ұстаздарының да мақтанышына айналған
– Көркем сөз оқуды жаным қалайды. Мені алғаш өнерге жетелеген ақылшым, ұстазым анам. Бүгінде осы өнердің жілігін шағып, майын ішкен «Әлшекей» атындағы өнер мектебіндегі жетекшім Сабира Алимбетовадан көркем сөз оқудың қыр-сырын меңгерудемін, – дейді жас талант.
Міне, «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» демей ме кейіпкеріміздің талантын одан әрі шыңдап, көп ішінен даралануында ұстаздарының еңбегі орасан.
– Сафиянұр осы оқу жылынан бастап көркем сөз үйірмесінде сабақ алып жүр. Ол айтқанды бірден ұғады. Ізденімпаз, еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Өнер адамына тән қасиеттің бәрін оның бойынан табасың.
Негізі біз оқушыларды 2 жылдан астам уақыт байқауларға дайындаймыз. Алайда Сафиянұр үйірмеге келгенге дейін шыңдалған бала, сол себепті оған сенім артып «Мəңгілік ел алыптары» республикалық байқауына алып бардық. Сеніміміз ақталды. Қатысушылар арасынан дараланып бас жүлдені иемденді. Сондай – ақ шара ұйымдастырушылары тарапынан Халықаралық «Жеті өнер» байқауына тегін қатысуға Сертификат ұтып алды, – дейді жетекшісі Сабира апай бізбен әңгімесінде.
Әнші болуды арман еткен оның бойындағы өнері, бұл жолдан алшақтатпасы анық. Ынтымағы жарасып, қаймағы бұзылмаған бірліктей ауылда осындай жас таланттар өсіп келеді.

Майра ҒАНИЕВА

26 қараша 2019 ж. 916 0