№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Нұрдана Сейтхан Өзгент ауылының өнерлі бүлдіршіні

Нұрдана Сейтхан Өзгент ауылының өнерлі бүлдіршіні

Нұрдана Сейтхан Өзгент ауылының өнерлі бүлдіршіні. Ата-анасының қолдауынан қанаттанған ол сахна мәдениетін меңгеріп, көрермен көзайымына айналып үлгерді.
Әкесі Сержан Досанов қызының3-4 жасында өнерге аяқ басқанын байқап, бағыт-бағдар көрсетеді. Талантты өспірім сахнада өзін еркін ұстап, орындаушылық өнерге тез бейімделеді.
– Нұрдананың өнерге деген талпынысын балабақшада жүргенде байқадық.Ынта-ықыласы мен зейін-зеректігінен болар әншілік өнерді тез қабылдап, түрлі деңгейдегі байқауларда нәтижелі өнер көрсете бастады. Қызымның болашаққа қойған арман-мақсаты биік, – дейді әкесі Сержан.
Арнайы музыкалық білім алмаса да, орындаушылық шеберлігі толысып, сахна мәдениетін меңгерді. Мұның бәрі ізденіс пен еңбекпен келгені анық. Оның жеткен жетістігі де аз емес. Мәселен, Х және ХІ-ші Халықаралық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер байқауында және «Ақкөгершін» балалар шығармашылығына арналған облыстық байқауда бас жүлдеге ие болды.
– «Талабын маздатпаса, талантты да тот басады» дегендей, Нұрдананың бойындағы өнерге деген талабын ата-анасы танып, рухани демеу көрсетті, – дейді Өзгент клуб үйінің директоры Бақытжан Жакудаев.
– Маған өнер әкемнен қонған. Қандай өнер додасы болмасын маған сенім артып, бәйгеге қосқан ұстаздарым мен ата-анамның үмітін ақтауға тырысамын. Алда әлі талай байқаулар күтіп тұр. Осы жолда тынбай еңбектенудемін, – дейді Нұрдана.
Өнерімен көптің көзіне түсіп жүрген өнерлі қыз болашақта танымал әнші болуды қалайды. Талабы таудай Нұрданаға өнерің мен өмірің асқақ болсын дейміз!

Лаура БИБАСАРОВА
02 маусым 2020 ж. 1 025 0