№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өнерімен сыйлы өнерпаз

Өнерімен сыйлы өнерпаз

Мұхан (М.Әуезов) «Өнерпаз болсаң, өр бол» депті. Дәл осы сөз Нұрлан Бижанұлына арналып айтылғандай. Ол жастайынан қойнауы – сырға, көмейі жырға тұнған Қаратаудан нәр алып, өнерді бойына сіңіреді. Табиғат – Анадан қонған бақты еңбекпен ұштап, 30 жылдан аса Жайылма клуб үйін басқарып, аудан мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосып келеді. Сондықтан өнер адамдарының кәсіби мерекесінде кейіпкер етуді жөн көрдік.



Нұрлан Жапеков сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Оның ақындық қабілетін жерлестері жоғары бағалайды. Орындаушылық, әншілік өнерімен де дараланады. Оған түрлі музыкалық аспаптың құлағында ойнайтын шеберлігін қосыңыз. Той-думан, жиын-тойды басқаратын асабалық қызметімен танымал. Ең бастысы, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді.   
– Оқушы кезімнен аудандық, облыстық деңгейдегі өнер байқауларына қатысып, бағымды сынап, өнерімді шыңдадым. Өнерге шынайы берілгендігімді жерлестерім қолдап, клуб үйін басқаруды ұсынып, қолдау көрсетті. Содан бері жерлестерімнің сенімін ақтау мақсатында ізденіп, шыңдалып келемін. Қазір шәкірт тәрбиелеп, оларға өнердің қасиетін ұғындырып жүрмін, – дейді ол.
Сөз аламынында Шымберген Сүлейменов, Әзімбек Жанқұлиев, Бекарыс Шойбеков, Кенжебай Жүсіп, Ұлзира Үсейінова және Әбілқайыр Сыздықов сынды жүйрік ақындармен сөз таластырып, ой жарыстырып, өнерін ортаға салды.Сондай-ақ өлең жазып, оны әнмен әуелетті «Жайылма жастар маршы» соның дәлелі. Бұдан басқа көптеген жыр-термелерін Ғалымжан Омаров, Жақсыбай Бектібаев және т.б жас әншілер орындап жүр. 
1962 жылы 1 қаңтарда Нұрлан Бижанұлы Жайылма елді мекенінде дүниеге келді. Осында мектепті тәмәмдап. Отан алдындағы борышын Грузияның астанасы Тбилиси қаласында өтеді. Сосын Қызылорда политехникалық колледжінің механика факультетін бітірді. 1988 жылы клуб үйіне меңгеруші болады. Кейіннен «Мәдени көпшілік жұмыстарын үйлестіру» мамандығы бойынша білім алады.
Мәдениет майталманының ізін жалғар, шәкірттері Мадияр Оспанов, Нұржан Бижанов, Айдын Кекілбаев, Асылжан Насыр, Мұхамедәли Абдуллаевтар бүгінде аудан және облыс көлеміндегі жыр-мүшайралары мен айтыс өнерінде жетістігі бір төбе. Мұндайда халқымыздың «Ұстаздан шәкірт озбаса, ұстаз тұл» деген сөзі ойға оралады.
Туралықты ту еткен ақынның жетістіктері де аз емес. Мәдениет саласындағы ұзақ жылдық еңбегі үшін аудан, облыс әкімі Алғыс хатымен марапатталды. «Мәдениет» және «Ел ардақтысы» медалін кеудесіне тақты.
Өнердің қасиетін жүрегімен сезінетін кейіпкеріміз бұл қасиет нағашы жұртынан дарығанын айтады. Әкесі Бижан Жапеков те өнерден құралақан болмаған көрінеді. Нұрлан Жапеков пен жары Ләззат Налібаева кіндігінен тараған 2 ұл, 3 қызға тәлімді тәрбие сіңіріп, өмірден өз орнын табуда бағыт-бағдар беріп келеді. Бүгінде перзентінен тараған немерелеріне ақылшы ата, аяулы әже болып отыр. Ол ауылдастарының жиын-тойына ортақтасып, әннен шашу шашып, думандатып жүреді.
Майра ҒАНИЕВА  
25 мамыр 2020 ж. 626 0