№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жаңақорғандық өнерпаз отандық сериалдың басты рөлінде

Жаңақорғандық өнерпаз отандық сериалдың басты рөлінде

Өз бойындағы талантын талабымен демеп, табандылығының арқасында көптің ықыласына бөленген өреннің бірі – Мұхтар Абдулла. Бір басына әншілік әрі актерлік өнер қонған. Зеректігі мен зейінділігі де оны көптен ерекшелейді.
Бес жасынан сахнада ән айтып, талайды өнерімен тамсандырып жүрген Мұхтар аудандық, облыстық және республикалық байқауларда үздік қырынан көрініп, жүлде алды.
– Ең алғаш балабақша табалдырығында жүргенде «Алға, Қазақстан» әнін орындады. Осылайша сахна мәдениетін меңгеріп, өзін еркін ұстауды үйренді. Бүгінде Әлшекей Бектібайұлы атындағы өнер мектебінің вокал сыныбында орындаушылық қабілетін шыңдауда. Ұлымның өнер аспанында шарықтасам деген үлкен арманы бар, – дейді анасы Ұлболсын.
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» демекші Мұхтардың талантын ашуда вокалдан сабақ беретін ұстазы Құралай Әлиеваның еңбегі ерен.
– Мұхтар осыдан бір жыл бұрын вокалдан сабақ ала бастады. Талапты, талантты өнерпаз еңбекқорлығымен ерекшеленді. Содан бері байқауларда қатарластарының алды болып жүр. Ол ән орындағанда мағынасына қарай образға кіріп, әртістік қабілетімен алып шығады, – дейді ұстазы.
Бала кезінен Қайрат Нұртасқа еліктеп, көбіне соның әндерін орындады. Облыстық «Ақ көгершін» әншілер конкурсында, халықаралық ХІ «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер арасында өткен байқауында және республикалық «Алатау шыңы» атты шығармашылық байқауында өнерімен ерекшеленіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ол әншілік өнермен қатар әртіс болуды мұрат тұтты. «Талпынған жетер мұратқа» дегендей «Balapan» арнасы «Мен Отанға қызмет етемін» сериалға кастинг жүргізеді. Оған Мұхтар да қатысады. Режиссердің қалауы жаңақорғандық өнерпазға түседі. Сөйтіп Алматы қаласына барып, 12 бөлімнен тұратын әскери бағыттағы балалар сериалына түсіп қайтты.
– Жазғы каникул кезінде анаммен Алматы қаласына қыдырып бардым. Нағашы ағам Шынтілес Мұхтар, сен актер болуды армандаушы едің ғой. Мына сериалға кастинг жүріп жатыр. Бағыңды сынап көр, деп жарты бет қағазды қолыма ұстатты. Онда кастинг өтетін орын, уақытысы жазылыпты. Содан анам екеуміз барып, ұйымдастырушылардың алдында сұраққа мүдірмей жауап бердім. Арада бір ай өте анамның телефонына хабарласып, кастингтен өткенімді айтты. Содан жолға жиналып, сегіз күндей түсірілім алаңында жұмыс жасап, алты бала болып таңдалған рөлде ойнап шықтық, – дейді жас әртіс.
Айта кететіні, Мұхтар ойнаған «Мен Отанға қызмет етемін» сериалы жұма күні көрермендерге жол тартады.
Оның тағы бір мұраты бар. Ол – Димаш Құдайберген сынды әлемді бағындыру. Өнерпаз алдағы уақытта жерлестеріне жеке ән кешін беруді де мақсат етіпті.
«Әуелі бойыңда талант болсын, Талантыңа талабың қанат болсын» деген аталы сөз Мұхтардың талабын, талпынысын аша түскендей.

Лаура АЙДАРХАН.
28 қыркүйек 2019 ж. 1 222 0