№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әртістік өнердің қыры мен сыры

Әртістік өнердің қыры мен сыры


«Сахна актерлігі» атты шеберлік сағатында «Актер шеберлігі» атты тақырыпта шеберлік сағатын Кейден ауылдық клуб үйінің директоры Балмұхаммед Әбжаппаров жүргізсе, «Сахна шеберлігі» сағатын жас актер, әнші Тоқтар Әжімұратов жүргізді.

Балмұхаммед Әбжаппаров сатира жанрында шеберлік сағатын өтіп, қоғамның дамуы барысында, қоғам мен адамның кемшілігін сынау сатираның маңдайына жазылғандығына ерекше тоқталды.
– Ащы шындықты, өмір жолдары мен қуанышты сезінуді сахна төрінде бейнелеп көрсету кез келгенннің қолынан келе бермейді. Оған дарындылық, ұқыптылық, зеректік керек. Сатира театрының әртістері негізгі міндет сахнаға шыққаннан кейін елді қыран-топан күлкіге батыру деп түсінеді. Олай емес. Түпкі мақсатымыз – ойландыру, ой тастау, – деді Балмұхаммед.
Келесі «Сахна шеберлігі» жанрындағы шеберлік сабағын «Жаңаша» халықтық әзіл-сықақ отауының жетекшісі Тоқтар Әжімұратов жалғастырды.
– Драмадағы ең басты, ең шешуші, ең негізгі құндылық – тіл. Пьесаның күші де, әлсіздігі де тілде. Пьесадағы әр сөз мірдің оғындай өткір, көздеген жерге дөп тиіп көркем сөзбен көмкерілуі тиіс. Драма тілі тұжырымды, қысқа, түйінді болады. Өйткені романда бір бетке суреттелетін шындық пен оқиғаны бірнеше сөзбен жеткізуіне тура келеді. Ең бастысы сөйлеу мәнері, сахнадағы әрекеті кейіпкердің мінезін ашуы тиіс. Қиын тұсы да осы, – деді жас маман.
Шеберлік сағат соңында Қожакент ауылдық клуб үйінің қызметкері Әйгерім Нүрпейісова да сатира жанрындағы ойларымен бөлісті.
21 қыркүйек 2019 ж. 811 0