№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ән – көңілдің ажары

Ән – көңілдің ажары


Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылдық клуб үйінде өткен «Халық талғамына сай қызмет көрсетудің жаңа әдістемесі» атты семинар-кеңесті «Эстрадалық жанр және классикалық вокал» сабағын талантты орындаушы, вокалист Әбдіқадыр Әбдірашитов пен аудандық мәдениет үйінің ән үйірмесінің жетекшісі Балауса Сахан жүргізді.


Шеберлік сағатында әр ауылдың мәдениет үйлерінің әншілері мен шәкірттері бас қосты.
Әбдіқадырдың қатысушыларды ортаға жеке-жеке шығарып, бір әнді орындау барысындағы жаттығуларға тоқталды. Ән орындау кезінде дұрыс дем алу және сахна мәдениеті: өз-өзін дұрыс ұстау жайында айтып, тәжірибесімен бөлісті.
Аудан тұрғындарына әнші ретінде танылған жас талант иесі Балауса ән айтуға ғана емес, сондай-ақ сахна мәдениетінің маңызына тоқталды. Вокал үйірмесінің жетекшілері мен шәкіттер алдында ән айту ережелерін, музыканы есту, тыңдау, ең бастысы сөзіне мән беру керектігін, ол үшін музыкалық сауаттылық болу керектігіне жете тоқталды. Осылайша өз бақтарын сынаған шеберлік сағатына қатысушылар музыка әлемінің түпсіз терең әлеміне саяхат жасап, өздерінің қабілетін тексеріп көрді.
21 қыркүйек 2019 ж. 933 0