№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨНЕР ДОДАСЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

ӨНЕР ДОДАСЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ


Жуырда Қызылорда қаласында республикалық «Мереке-Думан» әзіл-сықақ отауына 30 жыл толуына орай мәдениет өнерпаздарының қатысуымен байқау болып өтті. Айтулы шараға Қызылорда облысының аудандарынан, Алматы, Ақтөбе, Түркістан облысының өнерпаздары бақ сынады. Ауданның намысын қорғаған «Күлеміз бе, қайтеміз?» әзіл-сықақ отауы екінші орыннан көрінді.


Ширек ғасыр уақытта бұл ұжымнан өнер әлемінде орны бар талай талант түлеп ұшты. Мерекелік кеште сол мәртебелі өнердің туын тік ұстаған бірқатар азамат марапат төрінен көрінді. Сондай өнерпаздың бірі жас болса да бас болып жүрген Балмұхаммед Әбжаппаров.
– Алмат Сахатов пен Тілеген Бекарыстан қазылық еткен респу­бликалық байқауда аудан намысын қорғап, биіктен көріндік. Кейден ауылдық клубы жанынан құрылған өзім жетекшілік ететін «Күлеміз бе, қайтеміз?» әзіл-сықақ отауы бірінші кезеңде «Әйелдер-ай» қойылымын қойды. Онда аудандық мәдениет үйінің майталман қызметкерлері Құралай Мұсахметова, Сайран Ділманов, Кенже Әкімбаева, Мұхтар Дәрібаев, Айдарбек сынды әріптестерімнің қатысуымен «Айтыс» интермедиасын сахналадық, - деді әзіл-сықақ отау жетекшісі Балмұхаммед.
Былтыр «Мінеки, Мейірманның ізбасар­лары» сатира сайысында бас жүлдемен оралған әзіл-сықақ отауы бұл жолы жүлделі екінші орыннан көрініп аудан мерейін асқақтатты. Бұл байқаудың сахна өнерпаздары үшін берері мол. Өйткені, «Тамашаны» тамаша еткен Құдайберген Сұлтанбаев, Тоқсын Құлыбеков, Мейірман Нұрекеев ағаларымыздың ізін жалғаған өнерпаздарға мұндай байқау керек-ақ.
Сахна төріне шығып тәжірибе жинауда осындай тартысты өнер бәсекесіне қатысу үлкен мәртебе. Бірінші орынды Ақтөбеден келген «Түйреуіш» әзіл-сықақ отауы алса, дәрежелі екінші орын Дипломымен «Күлеміз бе, қайтеміз?!» әзіл-сықақ отауы марапатталып, ал жүлделі үшінші орынды Шиелі ауданының «Қытық» халықтық әзіл-сықақ отауы еншіледі.
Өнер бәйтерегі көрерменнің ыстық ықыласымен мәуелі. «Мереке-Думан» әзіл-сықақ отауының құрметіне жиналған қауым күлкіден қымыз ішіп, ал біз болсақ «Қайта айналып келгенше!» деп қол бұлғасып, рахмет саған, Қызылорда деп тарқастық, - дейді кейіпкеріміз.
Иә, өлең-жырдың, қазақы өнердің қарашаңырағы саналатын ауылдық клуб үйлері – талай таланттардың түлеп ұшқан алтын бесігі. Әрі түрлі мәдени-рухани шаралардың шымылдығын түрген қасиетті шаңырақ. Бұл мәдениет ошағы мектеп оқушылары мен ауыл жастарының талантын шыңдап отырған киелі мекен.
Айта кететіні, осы күні «Мереке» вокалды аспаптар ансамбліне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған облыстық байқауда, жерлесіміз Тоқтар Әжімұратовтың жетекшілігімен құрылған «Жаңаша» әзіл-сықақ отауы «Көрермен көзайымы» номинациясымен ,Экспресс халықтық ансамблі дәрежелі екінші орын дипломымен марапатталып биіктен көрініпті. Бір күнде үш бірдей қуанышты хабармен қуантқан жерлестерімізге сәттілік серік болғай.

Лаура БИБАСАРОВА.
20 сәуір 2019 ж. 1 279 0