№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

«ЖЫЛ ӨНЕРПАЗЫ»

Балмұхаммед ӘБЖАППАРОВ,
Кейден ауылдық округі клуб үйінің директоры

Өнер – таусылмас байлық, сарқылмас қазына. Ал, өнер иесі болу – Тәңірдің сыйы. Оны бойыңа дарытып, тума талантыңмен ұштастырып халқыңа адал қызмет ете білу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Осы мүддеден шыға білген нағыз дарын иесін ел-жұрты өнерпаздық қасиетін жоғары бағалап жатса бұл әрине мәдениет саласына қосқан үлесің. Міне, біз жыл бойы осындай жандарды «Үздік өнерпазға» лайықтысын сараптап көрдік. Бұл жолғы таңдау Балмұхаммед Әбжаппаровқа түсті. Өзінің ізденімпаздылығымен, еңбекқорлығымен ерекшеленетін Балмұхаммед Кейдендегі клуб үйінде басшылық қызмет атқарады. Аудандағы мәдени-рухани кештердің басы-қасында жүретін оны жерлестері нағыз «сатираның саңлағы» деп таниды. Айтқанда, ол жетекшілік ететін «Күлеміз бе, қайтеміз» әзіл-сықақ отауы биыл «Мінеки, Мейірманның ізбасарлары» атты республикалық сында бас жүлде жеңіп алды. Әрі, өзі «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды. Міне, бұл өнерпаздың биылғы биік жетістігінің бірі ғана.
01 қаңтар 2019 ж. 1 625 0