№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Egov.kz: Қажетті құжатты үйде отырып-ақ алыңыз!

Egov.kz: Қажетті құжатты үйде отырып-ақ алыңыз!

    «Электрондық үкімет» (e-Government) термині барлық мемлекеттік органдардың басын бірік­тіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйе. Бүгінгі таңда осы электронды қызмет жүйесі жоғары даму процесінде. Алайда, қажетті құжатын қалай алуды білмей, Халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезекте тұрған адамдар саны көп. Сондай көпбалалы аналар мен ауыл-аймақтан келетін тұрғындарға, зейнеткерлер мен қарияларға көмек болсын деген мақсатта мынадай ақпарат ұсынамыз.



        Электронды қызметты падалану үшін ең алғаш мына шартты орындау керек. Олар: тұлғаның жеке куәлігі пен мобильді телефонын Халыққа қызмет көрсету орталығына апару арқылы арнайы электронды цифрлы қолтаңба алу. Яғни, ключ аштыру.
Ключ аштырудың екі жолы бар. Біріншіден, жеке куәлікке яғни паспортқа аштыру. Бұл картридер арқылы жүзеге асатындықтан, көп адамға қиындық туғызады. Ал, екінші плешкаға ключты салдырып алу арқылы УЗВ шнурлар арқылы компьютерге сақтап алуға болады. E.gov қызметін пайдаланамын деген кез-келген азамат ең бірінші осы шартты орындауы тиіс.
 E.gov порталына кіргеннен соң,4 ұяшық ашылады. 1. Сегіз әріптен құралған жасырын сөз арқылы кіру.
2. Электронды сандық қолтаңба яғни ключ арқылы кіру. 3.      Сим картаға смс жіберу арқылы қосылу. 4. Біржолғы жасырын сөз арқылы қосылу.  Тұтынушы абонент осылардың кез-келгенін таңдау арқылы қызмет ала алады.


Бір реттік SMS-пароль арқылы алатын қызметтер тізбегі:
1. Мекенжай анықтамасы.
2. Жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы жөнінде.
3. Жылжымайтын мүлікке  тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы
4. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар мен тоқтатылған құқытар туралы анықтама алу
5. Жылжымайтын мүлік обьектілерінің техникалық паспортын алуға электрондық өтініш беру
6. Жылжымайтын мүлік обьектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру
7. Жылжымайтын мүлік обьектілерінетехникалық паспорттың төлнұсқасын алуға электронды өтініш беру
8. Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру
9. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың төлнұсқасын алу
10. Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру
11. Мұрағаттық анықтамалар беру
12. Заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдарын (өкілдерін)есептік тіркеу туралы анықтаманы алу
13. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру
14. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама
15. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру
16. Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы анықтама алу
17. Заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы анықтама беру
18. Көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы анықтама беру
19. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы анықтама беру
20. Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру
21. Некеге тұру туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
22. Әкелік құқықты  бекіту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу
23. Атын, тегін, әкесінің атын, өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
24. Ұлды, қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
25. Некені бұзу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
26. Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш
27. Аты, тегі, әкесінің атының ауысқаны туралы анықтама
28. Некенің бұзылғаны туралы анықтама
29. Некеге тұру туралы анықтама
30. Туу туралы анықтама алу
31. Сотталғандығы болуы немесе сотталмағаны туралы анықтама
32. Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру
33. Тауар таңбасын тіркеу
34. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу
35. Өнеркәсіптік үлгіге патент беру
36. Пайдалы модельге патент беру
37. Өнертабысқа патент беру
38. Селекциялық жетістіктерге патент алу
39. Баланың тууын тіркеуге электрондық өтініш беру
40. Некенің бұзылуы туралы тіркеуге электронды өтініш беру
41. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге арналған электронды өтініш
42. Құрылатын заңды тұлғаның атауы тіркелген шаруашылық субьектісінің атауымен сәйкес келуі туралы анықтама алу
43. Заңды тұлғаның әрекетінсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы анықтама
44. Некені тіркеуге өтініш беру
Мінекей, осы көмектерді бір реттік СМС арқылы алуға болады. Мұны Халыққа қызмет көрсету Орталығының аудандық бөлім маманы Жанна Тәжібаевадан алдық. Кез-келген тұлға  мобильды қосымшаға тіркелу арқылы аталмыш көмекті үйінде отырып-ақ алуына мүмкіндік бар. Дамыған заманда интернет игілігін, цифрландыруды оңтайлы пайдалана алу әркімнің өз қолында.
                                                                                                  Дайындаған Ханзада ДОШАН.
15 мамыр 2019 ж. 1 552 0