Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Сақ болыңыз, Кене індеті!

Сақ болыңыз, Кене індеті!

Кененің шағуы арқылы берілетін жұқпалы аурулар басым жағдайда жыл мезгілінің көктем жаз және күз айларына тиесілі.

    Кененің шағуын бірден байқау мүм­кін емес. Өйткені кене өз денесінен ар­найы ферментер бөліп, шаққан орнын көп жағдайда білдірмеуге тырысады. Тұм­сығын тері қабатына енгізген кене, майда қан тамырларынан қоректене бас­тайды.
Сол жерден тойған мезетте бірнеше мың жұмыртқаларын тері астына тастап, сол мезеттен бастап аурулардың оның ішінде аса қауіпті жұқпалы Конго қырым геморрагиялық қызбасы ауруының бел­гілерін шақыра бастайды.
Қырым-Конго қанды безгегінің жа­сырын кезеңі орта есеппен 2-7 күнге, кейде 12 күнге дейін созылуы мүмкін. Аурудың басталуы дене қызуының 39-41 градуске дейін жоғарылап, дененің қалтырауымен, қатты бас ауыру, буын­дардың, белдің, іштің, балтырдың ауруы­мен басталады.
    Науқас әлсіреп, бүкіл ағзасы ауы­рады. Жүрегі айнып, құсуы мүмкін және бұл тамақ жеумен байланысты болмауы керек. Бетінің, мойны және көкірегінің жоғарғы бөліктерінің қызыл-қошқыл түске боялып, қызарады, көзі қанталайды, тамағы қызарады,көз қабығының қа­бынуы байқалады. 2-5 күндері қан-тамырлық белгілер басталады: ине шаншыған орындарда көгеру пайда болады, науқастың көкірегі мен ішінде майда қан тамырлық бөртпелер пайда болады, мұрнынан, тісінің қызыл етінен, ішектерінен, асқазаннан, жатырдан кей­де асқазаннан қан кету басталып, адамды қазаға ұшыратуы мүмкін.
   Бұл дерттің қауіптілігі сол,осы ауру­мен сырқаттанған адамның қаны сау адамның денесіне тисе, осы дерттің жұғуына себепші болады.
Осы кезге дейін бұл ауруды емдейтін арнайы емі жоқ. Сондықтан аурудың алдын-алу жолдарына зор мән беріледі.
Індетті болдырмас үшін басты жағ­дайлардың бірі адам тұратын жерлерде кенелерді жою шараларын жүргізу қажет ауру тарататын кене­лердің көбі үй жануарларының қанымен қоректенеді. Сондықтан малға кене жабыспау үшін малды дәрілеп, тоғыту керек. Осы жер­де айтатын басты мәселе, малға жабысқан кенені еш уақытта қайшымен қырқып, қолмен жұлып алуға болмайды.
Кенесі көп жерде сақтану үшін ар­наулы киім (комбинизон ) киіп жүру керек. Егер ол болмаса шалбардың балағын етіктің ішіне салып, белбеумен байлаған жөн. Үйге қайтқанда басты мойынды, қолтықтың астын мұқият қара­ған дұрыс. Денеге жабысқан кенені ақырын еппен алу керек.
   Кенені көрген кісі жұлып алмай, ар­найы емханаға немесе дәрігерге жедел қаралуы тиіс, өздігінен жұлып алған жағдайда оның аяғының тікенектері адамның терісінің астында қалып қояды да жара пайда болады.
Ешқашанда кенені сығып өлтіруге болмайды, өйткені оның вирусы тері арқылы адам денесіне өтіп кетуі мүмкін.
Алдын-алу жұмыстары медицина­лық,ветеринарлық, шаруашылық және атқарушы органдардың қатысуымен кешенді түрде жүргізіледі. Оның ішінде науқастарды ерте анықтау, оларды оқшаулап, емдік шараларын көру, ауру ошағында залалсыздандыру жұмысын жүргізу.
Сонымен қатар зоологиялық-па­ра­зитарлық топ жұмыс жасайды, далалық материалдар жинақталып, зерт­ха­на­ларда зерттеледі. Қолайсыз деп са­налатын аймақтарды кенеге қар­сы улау шаралар елді мекендердің айна­ласында 300 метр радиуста санитарлық-қорғаныс белдіктері құрылады.

Жан Шайхысламов,
аудандық ҚДСБ-сы
бөлім басшысы.
03 қараша 2018 ж. 1 238 0