Хабарландыру
Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Осы Заңмен «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға елеулі өзгерістер енгізілді, оның бірі 2003 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде жұмыстан босатылған, босату кезінде жиырма бес және одан көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жыл және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын және шектi жасына толуына не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты шығарылған ішкі істер органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы қызметтен босатылған қызметкерлеріне еңбек өтілі үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған байланысты жоғарыдағы талаптарға сәйкес келетін 2003-2016 жылдар аралығында қызметтен босатылған ішкі істер органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы қызметкерлерінен (соңғы қызмет орны бойынша) Қызылорда облысының Полиция департаментінде (209, 220 қызметтік бөлме) өтініш қабылданатындығы туралы хабарлаймыз.
Сонымен қатар өтініш бермес бұрын қосымша ақпарат алу немесе хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келетіндігіне көз жеткізу үшін Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлеріне (8 қызметтік бөлме) жүгінулеріңіз қажет екендігін ескертеміз.
Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi қызметтен босатылған күнге белгiленедi және төлем Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiлген ұлғайтуды ескере отырып, еңбек өтiлi үшiн зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш берген күннен бастап жүргiзiледi.
Байланыс телефондары:
Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы 29-70-27;
Кадр саясаты басқармасы 29-50-87, 29-70-31.