№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Құрметті кәсіпкерлер!

Құрметті кәсіпкерлер!


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем  бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгертулер енгізілді. Аталмыш өзгертулер ағымдағы жылдың 11 сәуіріне күшіне енді.
Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 425-бабының жаңа редакциясына сәйкес қоғамдық тамақтандыру және жеке қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпкерлердің санитарлық-гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін жауапкершілігі айыппұл мөлшерін ұлғайту есебінен көтеріледі.
Осыған орай, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ағымдағы жылдың 18 сәуірі күні сағат 16.00-де Заңға енгізілген өзгерістер  жөнінде облыс кәсіпкерлерінің арасында  кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлерінің және кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.
Шараның өтетін орны:Қызылорда қ-сы, Желтоқсан көшесі 29, «Бастау» бизнес орталығының 11-қабаты, Кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залы.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
17 сәуір 2019 ж. 1 442 0