№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сот жүйесіндегі өзгерістер

Сот жүйесіндегі өзгерістер


Бүгінгі таңда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық салаларын дамыту мақсатында қыруар жұмыстар атқарылып келеді. Оның ішінде құқық саласын оңтайландыру одан әрі дамыту үшін оң өзгерістер қабылданып жатыр.


Атап айтқанда, жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 292-VІ ҚРЗ, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 300-VІ ҚРЗ қол қойды.
Қазіргі кунде бұл заңнамалар күшіне еніп қолданылып жатыр.
Осы нормативтік құқықтық актілер арқылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Біріншіден бұрын соттар қараған құқық бұзушылықтың 63 құрамы органдардың қарауына берілді. Демек соттардың жүктемесі азайып істерді обьективті қарауға мұмкіндік туып отырғаны.
Екінші маңызды мәселе масаң күйде көлік құралын басқарғаны ұшін жазаның қатаңдауы. Мәселен, бұрын КР ӘҚБТК-ің 608 бабының 1 бөлігімен көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыру қарастырылған болса, кәзір осы әрекет үшін 7 жылға көлік басқару құқығына айыра отырып 15 тәулікке қамаққа алу қарастырылып отыр. Нәтижесінде адамдар бұл әрекеттерден тартынып көліктегі құқық бұзушылық саны күрт азайатыны анық.
Одан кейінгі оң өзгеріс құқық бұзушалардың өз ісін дереу қарату құқығы.
Бұл бойынша егер құқық бұзушы өзінің ісін дереу қарау жөнінде өтініш берер болса сот осы істі сол күннен кешіктірмей қарап сот актісін бірден заңды күшіне ендіріп береді.
Осы оң өзгерістерді азаматтарымыз оң қабылдап, заң талаптарын бұлжытпай орындар бболса қоғамымыз дамып еліміз көркейе бермек.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
29 қаңтар 2020 ж. 768 0