№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді


Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» 21 желтоқсан 2017 жылғы №118-VI заңын қолдану бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотынан келіп түскен әдістемелік ұсынымын талқылау шеңберінде дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы мен судьялары, кеңсе қызметкерлері, аудан покуроры, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары қатысты.
Сот төрағасы Н.О.Қосанов дөңгелек үстелді ашып, өз сөзінде жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы заңға сәйкес облыстық және оған теңестірілген соттардан алынған сұрақтарды қарау барысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау ісінің процессуалдық негіздерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» сот практикасы үшін ұсынымдар жібергені жайлы айтты.
Сот практикасының ұсынымында көрсетілген негіздерде өтінімді рәсімдеуге келісім жазбаша немесе ауызша өтініш түрінде ұсынылуы мүмкін, ол хаттама түрінде рәсімделетіні, ал кепілге рұқсат беру туралы өтініш бойынша прокурордың келісімін талап етпей тергеуші өтінішті тікелей тергеу судьясына жіберетіні, тергеу судьясы рұқсат алған кезде меншік құқығында кім тіркелгенін тексеру керек және басқа  адамдар осы мүлікке ие болғанда құқылы ма, қылмыстық жолмен алынған мүлік үшінші тұлғалармен тіркелуі мүмкін екендігін ескеру қажеттігін нақтылады.
Іс-шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар заңнама түзетулерін және практикалық жүзеге асыру мақсатында енгізілген жаңалықтарға  әрдайым семинар, дөңгелек үстелдер өткізу қажеттігін айтып, тиісті ұсынымдар жасады.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
09 ақпан 2018 ж. 1 341 0