№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Бүгін «Antikor» сервистік орталығында 2020 жылғы 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бойынша брифинг өткізілді.
Брифингке Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының м.у.а Б.М.Ниязов, тергеу жұмысы бойынша басшының орынбасары Р.Ф.Яғмұсов және тергеуші Б.Б.Мырзахметовқатысты.
Шара барысында Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалптастыруға уәкілетті орган ретіндегі, міндеті жемқорлықпен күресудің тиімді құқықтық негіздерін әзірлей мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудағы қызметін үйлестіре отырып, мұндағы басты бағдарлар – бұлар халықтың пікірі, құқық қолдану тәжірибесі, біздің еліміз ратификациялаған халықаралық құжаттардың ұсынымдары екендігі хабарланды.
Сонымен қатар Заңмен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және пара алуға делдалдардың сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілігі қатаңдатылды, сотталған сыбайлас жемқорларға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану алынып тасталды, шетелдік банктерде шоттарды иелену бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу енгізілді, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жемқорлардың ұстау шарттары өзгертілгендігі жөнінде ақпараттар таратылды.
26 желтоқсан 2020 ж. 489 0