№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бір тәулікте коронавирустан 64 адам көз жұмды

Бір тәулікте коронавирустан 64 адам көз жұмды


Әлем жұртын әбігерге салып, жер жаһанды жайлаған індет адамзат тіршілігін бұрын соңды болмаған, түбегейлі өзгеріске әкеліп жатыр. Жер жүзі өте терең дағдарыста, адам жанын сақтаудың барлық әдісін қарастырып-ақ жатыр. Қауіпті індет коронавирусты жұқтырғандар саны күннен-күнге өсіп келеді. Яғни, бір күнде 64 адам көз жұмған. Біздің ауданда да эпидемиологиялық ахуал толық тұрақталған жоқ. Күн сайын ауруханаға түскендердің саны артып келеді. Дәл қазіргі уақытта, ауданымызда коронавирус инфекциясымен тіркелген 521 науқастың 465-і емделіп шықса, 8 науқас өкінішке орай қайтыс болды, 48 науқас ем алып жатыр. Ал, 9 азамат үй жағдайында бақылауда, 33 науқас аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде, 3 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында және 3 науқас облыстық ауруханада ем алуда.

Бұл пандемия басталғалы ең жоғарғы көрсеткіш. Айта кетейік, пневмониядан 13 отандасымыз қайтыс болса, 67 475 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның 20 526 науқас стационарда, 46 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Ал, 1190 адамның жағдайы ауыр, 272-нің жағдайы өте ауыр, 168-сі жасанды тыныс беру аппаратында жатыр. Шілденің 22-сі күні 5 708 адамнан коронавирус анықталған. Жалпы пандемия басталғалы коронавирустан 5116 адам, пневмониядан 3562 адам қайтыс болды.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жаһан жұртының 188 миллион тұрғыны коронавирус жұқтырды. Оның 4 миллионнан астамы қайтыс болды. Әлем алпауыты – АҚШ-тың өзі вирусқа қауһарсыз болып шықты. Демек, жаппай вакциналаудың керектігін тағы да дәлелдеп отыр.
– «Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде иммундау курсын 2,8 миллион адам аяқтады. Алайда жақсы қарқынға қарамастан, өңірлер бөлінісінде жағдай біркелкі емес.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, АҚШ-та коронавирус тез тарап жатыр. Соңғы бір күннің ішінде осы індетке шалдыққандардың 85 проценті Еуропа мен АҚШ-қа тиесілі. АШҚ президенті Джо Байден америкалықтарды вакцина салдыруға үндеп, коронавирус негізінен екпе алмағандар арасында тарап жатыр деп мәлімдеді.
– Бізде індет вакцина алмағандар арасында тарап жатыр. Егер сіз екпе салсаңыз, ауруханаға түспейсіз, реанимацияда жатпайсыз, өлім тұзағынан аман қаласыз, – деді Байден.
Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-та дельта варианттың жылдам тарауы және егуге ықылассыздық пен одан туындаған вакциналау науқанының кешігуі коронавирус жұқтырғандарды көбейтіп жіберген. Қазір күн сайын орташа есеппен 38 мың науқас тіркеліп жатыр. Бұл шілденің басындағы жағдаймен салыстырғанда үш есеге көп. Дегенмен елде вакциналау науқаны басталмай тұрған кезең яғни, қаңтармен салыстырғанда бұл әлдеқайда төмен көрсеткіш. Жыл басында АҚШ-та күніне 250 мыңнан астам науқас тіркелген болатын. Ауруды бақылау және алдын алу
орталығының мәліметінше, коронавирустан қайтыс болғандардың 99 пайызы және ауруханаға түскендердің 97 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алмаған.
Пандемияға байланысты көптеген мемлекеттер төтенше жағдайды күшейтіп жатыр. Мәселен, Молдовада саяжайлар мен балалар алаңдарына шығуға тыйым салынды. Ал Румынияда 65 жастан асқан азаматтарға далаға шығуға болмайды. Мысырда да комендаттық сағат енгізілді. Сондықтан да, әрбір жан өз денсаулығына өзі жауапты екенін түсінгені абзал.
Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ
25 шілде 2021 ж. 1 217 0