№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғанда соңғы науқас жазылып шықты

Жаңақорғанда соңғы науқас жазылып шықты

Сүйінші! Коронавирусты тізгіндедік. Иә аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде C­OVID-19 вирусын жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты.

Жаңақорған ауданы бойынша 390 адам тіркелді. Олар алты провизорлық стационар орталығында ем алды. Ал ауыр науқастар Қызылорда қаласына жіберілген-ді. Қазір №1 провизорлық орталықта 4 адам бақылауда. Ал жұқпалы аурулар бөлімшесінде вирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты.
– Соңғы төрт күнде жұқпалы аурулар бөлімшесіне коронавируспен науқас түскен жоқ. Медицина мамандары үйіне жіберілді. Олар 14 күн үй жағдайында бақылауда болады, – дейді аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Зәуреш Тілепбаева.
2020 жылдың 28 наурызда Жаңақорған ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас тіркелді. Содан бері медицина қызметкерлері вируспен күресуге жұмылып, күндіз-түні жұмыс істеді. Отбасынан қашықта жұмыс жасаудың өзіндік қиындығы болғаны анық. Соған қарамастан олар мойымай, еңбек етті.
Айта кететіні, медицина қызметкерлеріне қаржылай қолдау көрсету шаралары бойынша наурыз айында 32 қызметкерге жалпы соммасы 2 526,9 мың теңге, блок-бекеттер бойынша 41 орта буын медицина қызметкеріне 1 134,6 мың теңге үстеме ақы алды. Сәуір айында 167 сала қызметкеріне 29 524,6 мың теңге, мамыр айында 115 маманға 24 350,3 теңге, маусым айында 182 қызметкерге 36885,6 мың теңге, шілде айында 180 маманға 61 800,1 мың теңге үстеме ақы төленді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
15 тамыз 2020 ж. 798 0