№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көкаралдың көксеркесі кәсіпкерлердің көсегесін көгертті

Көкаралдың көксеркесі кәсіпкерлердің көсегесін көгертті


Қызылорданың облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов  Ақлақ және Көкарал су тоспаларындағы балық өңдеу кәсіпорындарының жұмысымен танысты.


Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша,Көкарал су тоспасы 2005 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Су тоспасын салу нәтижесіндетеңіздіңқұрғағанұлтаныауданы 870 шаршыметрдіқұрайтынсуменжабылды, теңіздегісудыңкөлемі 11,5 текшеметргеұлғайды, ал судыңминералдылығы 23-тен 17 г/л дейіназайды.
Ақлақ су тоспасы 2006 жылы пайдалануға берілген болатын, Қазіргі таңда су тоспасы Сырдария өзенінен келіп жатқан суды Ақлақ су тоспасына дейінгі орналасқан көлдерге, шабындықтарға, каналдар арқылы жіберу үшін пайдалануда.
Бүгінгі таңда теңізде 24 балық түрі кездеседі.Оның ішінде 13 балық түрі жақын және алыс шетелдерге экспортталуда. Өңірде жылдық қуаты 11 мың тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыты тұрақты жұмыс істеп тұр. Оныңішінде 2 зауытеврокодқаиеболды.
Бүгін пайдалануға берілген "Жалғасбай" ЖШС зауыты - аймақтағы 9-балық өңдейтін кәсіпорын. Айта кету керек, соңғы бес жылда өңірдегі балық экспортының көлемі 9 есеге артты. Облыс балық өндіру және өңдеу көлемі бойынша 3-орын алады.
Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында экология және табиғатты пайдалану саласындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің арнасын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар да қарастырылған.
Сондай-ақ, кешенді жоспар аясында Қызылорда су торабын кешенді жөндеу көзделген. Соның нәтижесінде оның апаттылық проблемасы шешіледі. Кешенді жоспар шеңберінде "Күміскеткен" мен "Қараөзек" су қоймаларының да құрылысы жүргізілетін болады.

Ескендір Ертай

25 шілде 2019 ж. 899 0