№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АРАЛДА СЕРПІНДІ ТІРЛІК БАР

АРАЛДА СЕРПІНДІ ТІРЛІК БАР


Бүгін - Арал теңізінің күні. Атаулы дата былтыр Қызылордада өткен Аралдың тұрақты дамуына арналған халықаралық форумда бекітілді. Айта кетейік, 26 наурыз Аралды құтқару қорының құрылған күні. 25 жыл бұрын іске кіріскен қор тартылған теңіздің қалпына келіп, Арал аймағындағы халықтың əлеуметтік жағдайының жақсаруына зор үлес қосып келеді.
Бүгінде Аралдың тамырына қан жүгіріп, ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі салынып, қатынас күретамыры жанданды. Арқа мен Сырды жалғаған «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» теміржол желісінің құрылысы жүргізіліп, Сексеуіл арқылы өтетін темір жол бойында көптеген нысандар ашылды. Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды, «Бейнеу - Бозой - Шымкент» магистралдық газ құбыры салынып, халық көгілдір отынға қол жеткізді. Ауданның бюджеті 7 есе өсті, көптеген жаңа кәсіпорындар ашылды, жаңа әлеуметтік объектілер салынды. Кезінде Аралдан Қапшағайға, Балқашқа, Каспийге көшкен балықшылар атамекеніне оралды. 
Елбасының қолдауымен қолға алынған «САРАТС-1» жобасы бойынша Көкарал бөгеті салынып, Кіші Арал теңізін сақтап қалынды. Теңізді бөгеген теңдесіз жобаның әлемде баламасы жоқ. Осы құрылыс арқылы теңіз жағалауы Арал қаласына 18 шақырымға жақындады. Соның нәтижесінде судың деңгейі көтеріліп, тұздылығы бірнеше есеге төмендеді. Теңіздегі балықтың түрі 2-ден 23-ке көбейді. Кезінде теңіз тартылғанда Аралдан көшіп кеткен балықшылар қайта елге оралып, ата кәсібін жалғастыруда. Қазіргі кезде Арал теңізінен жылына 8 мың тоннаға дейін балық ауланып, жергілікті балық зауыттарында өңделуде. Бұл салада 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 
Арал балығының сапасы жақсы, нарықтағы сұранысы да жоғары. Балық өнімдері республикамен қатар, Ресей, Германия, Польша, Дания, Голландия, Әзірбайжан, Грузия сияқты Еуропа мемлекеттеріне экспортталуда. 
Елбасының бастамасымен пайдалануға берілген «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі мен Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы біз үшін көрші мемлекеттермен тығыз байланыс орнатуға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашты.
Соның айқын дәлелі қызылордалық кәсіпкер Аманбай Ерхатов ресейлік кәсіпкерлермен бірлесіп Ульяновск облысында балық өңдеу зауытын салды. Нәтижесінде Арал теңізінен ауланған балық өнделіп Мәскеу мен Санкт-Петербургтің мерамханалары мен ірі сауда орындарында сатылуда. 
Ел сенімін еселеген «САРАТС» жобасының 2-кезеңі басталатын күн жақын. Оның аясында теңіз тоспасының деңгейін тағы көтеріп, кіші теңіздегі су маржандарының тіршілігіне қолайлы жағдай жасау – басты міндет болып отыр. «САРАТС» жобасының екінші фазасы 8 құрамдас бөліктен тұрады. Бірінші кезекте алғашқы алты сатысын еңсеру көзделген.
САРАТС-2 жобасы жүзеге асқан жағдайда Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін мықтап, Қазалы ауданынан көпір салу, Қамыстыбас және Ақшатау көл жүйелерін қалпына келтіру секілді маңызды мәселелер шешімін табады. Сондай-ақ, кіші Арал акваториясы 4645 шаршы метрді құрайтын болады. 63 мың гектар жер суланады. 250 мың гектар жайылымдық, шабындық суланады. Теңіз толысып қана қоймай кенезесі кепкен кебір жерлер нәрленеді. Жайылымдық пен шабындық суланып, аграрлық секторға да серпін береді. Кіші Арал теңізі Арал қаласына 1 шақырымға жақындап, жылына 30 мың тоннаға дейін балық аулап, мыңдаған тұрғын қосымша жұмыспен қамтылады.
26 наурыз 2018 ж. 1 307 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 03:59
Comparison Generic Cialis Prices generic viagra Indian Drugs On Line Levitra 10mg

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 06:42
Priligy Online Kaufen Ohne Rezept Viagra Cost Per 100mg Pill Viagra Generico Pagamento Contrassegno online cialis Viagra Adolescent