№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҮНДЕУ ХАЛЫҚТЫҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ.

ҮНДЕУ ХАЛЫҚТЫҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ.


Сыр елінің тұрғындары бүгінгі Елбасының Парламентің қос палатасының біріккен отырысындағы бес әлеуметтік бағдарламасын ерекше ықыласпен қабыл алды. 
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» деп аталытын бұл Үндеуде «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Елбасымыз халыққа өте жақын, күнделікті толғандыратын проблемаларын дөп басып, қандай қолдаулар болатынын нақты түсіндірді.
Мәселен, әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасында Елбасы соңғы жылдары қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп нәрсе жасалғандығын және 2017 жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілгендігін атап өтті. Мұнда Сыр өңірінің деп қосып отырған үлесі қомақты. Себебі облыста соңғы 5 жыл ішінде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2 есеге артты. Яғни, 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, бүгінде бұл көрсеткіш 600 мың шаршы метрден асып түсті. Нәтижесінде, облыс орталығының өзінде ғана соңғы жылдары 14 жаңа шағын аудан бой көтерді. Дегенмен Елбасы, елімізде әлі күнге дейін баспанасыз жүрген отбасылардың көптігін тілге тиек етіп, оның шешімін тұрғын-үй ипотекасының жаппай қолжетімділігін арттыру арқылы табуға жағдай жасап отыр. Яғни, несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады.Мұнда 7+20+25 жобасының маңызы ерекше. Себебі 7 пайыздық несие, 20 пайыздық алғашқы жарнапұл, 25 жылға ауыртпалықсыз төлеу бұл шын мәнінде тұрғын үй алушыларды мазалап тұрған 3 мәселе. 
Сонымен қатар, Елбасы жалақысы төмен азаматтарды қолдап, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынып отыр. Бұл жалдамалы жұмыскерлер мен жұмыс берушілерге де оң септігін тигізетін болады. Алатын жалақысы жақсарады.
Білім саласына келетін болсақ, өздеріңізге белгілі мемлекет басшысы білімге құйылған инвестиция, бұл қайтарымы мол инвестиция екенін үнемі айтып келеді. Бүгінгі Үндеуінде де Елбасы жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлуді, сонымен қатар студентер үшін кемінде 25 мың орынға шақталған жатақханалар салуды тапсырды. Мұның пәтер жалдап жүрген жастарға маңызы зор.
Төртінші шағын несие беру мен бесінші елді газдандыру бастамалары халықтың әл-аухатын көтеруге, экономикалық жағдайының түзелуіне зор әсер етеді. 
Сондықтан Президент еліміздегі экономикалық дамудың жоғары қарқынын және барлық азаматтардың әл-ауқатын одан әрі қамтамасыз етуді ел алдындағы міндеті ретінде «Нұр Отан» партиясына жүктеді. Ендігі жерде біздер сол мінтеттердің орындалуына ұйытқы болуымыз қажет.
Ибадулла Құттықожаев - «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі.
05 наурыз 2018 ж. 1 479 1

Гость Jeahulalf от 11 наурыз 2019 11:59
Mail Order Toprol Xl Is Amoxicillin Good For Strepped Throat Cephalexin 500 Mg For Dogs cialis 5 mg Cialis 2 5 Cialis 5 Mg Foro