№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТАДЫ

ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТАДЫ

БІРІНШІ БАСТАМА: «ӘРБІР ОТБАСЫНА БАСПАНА АЛУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІН БЕРУ».

«...Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет.   Сондықтан, мен «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынамын» – деді Елбасы.
Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болатынын хабарлады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс.  Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады.  Ол үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек.
– Ұлттық банк кемінде 1 триллион теңге қаржы тартатын арнайы компания құрып, ол қаржыны банктердің жоғарыда айтылған шарттар бойынша беретін жаңа ипотекалық несиелерін сатып алуға жұмсауы қажет. Бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын-үй құрылысына зор серпін береді. Нәтижесінде миллиондаған қазақстандық үшін баспана алудың қолжетімділігі  артады. Сонымен қатар, бұл экономиканың, шағын және орта бизнестің өрістеуіне жұмыс істейді, жаңа жұмыс орындарын ашады, – деді Президент.
Дереккөз: Егемен Қазақстан гезеті.
05 наурыз 2018 ж. 1 683 1

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 01:35
Mambo 36 Livial http://allngos.com Cialis Pharmacie Acheter Online Perscription Using Cephalexin On Pregnant Dogs