№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Заманауи аппаратты меңгерген маман

Заманауи аппаратты меңгерген маман


Бүгінгі медицинада сұранысқа ие, аса қажетті мамандық. Өйткені, нақ осы құрылғының көмегімен түрлі дертті анықтап, оның алдын алуға мүмкіндік мол. Осы тұрғыда, «Жаңақорған шипажайы» АҚ-да ем алушыларға қалтқысыз қызмет етіп жүрген УДЗ дәрігері Ғалымжан Жаңабековтың жұмысын замандастарына үлгі етуге болады.

Ол кісіге жолыққалы барғанда ұзын-сонар созылған кезекке тап келдік. Ем алушылардың әрбіріне сапалы қызмет көрсетіп, сауалдарына ыждағаттылықпен жауап берген дәрігердің өз ісіне деген сүйіспеншілігін аңғардық.
Дәрігер сараптамасынан өткен емделушіні сөзге тартқанымызда:
– Шипажайға Алматыдан келіп отырмын. Шипажайдың барлық қызметіне көңілім толады. Қазір ғана УДЗ дәрігердің тексерілуінен шықтым. Негізінен көп ішкі ағзаның дәл диагнозын қойып, тура ем дайындау УДЗ нәтижесіне тікелей байланысты. Қазір өт жолдарын түсіріп шықтым. Енді дәрігердің нұсқауы бойынша ем қабылдаймын, – дейді Күлғанша Аяпова.
Иә, күн сайын 40-қа жуық емделушіні қабылдайтын дәрігер, оларды сауықтыру жолында талмай еңбек етіп келеді. Ол қызмет жасайтын УДЗ бөлімі соңғы заманауи медициналық аппараттармен жабдықталған. Сол техниканы тұтынушының игілігіне икемдеу дәрігердің біліктілігінің бір көрінісі.
– УДЗ бөлімінің көмегіне ішкі ағзалардан шағым түскен науқастар жүгінеді. Көбіне бауыр ісіктері, киста, созылмалы гепатит, өт қалтасын және өт шығару жолдарын, талақ, ұйқы безі, қалқанша безі және т.б. ағзаларды ультрадыбыстық тексеруден өткіземін. Науқастың шағымына қарай дәрігерлерге жолдап, ем дайындаймыз, – дейді дәрігер.
Ғалымжан Жаңақорғанның тумасы. Кенттегі №169 мектепті бітіргеннен кейін, Алматы қаласындағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түседі. «Емдеу ісі» бойынша маманданған дәрігер еңбек өтілін Төменарық ауылында дәрігер болып бастап, қайнаған жұмыс орнында шыңдалады. Кейіннен аудандық орталық емханаға ауысып, ол жерде 6 жылдан аса қызмет жасайды. Кейіннен білімін Алматы, Шымкент қалаларында біліктілігін жетілдірген 1-санатты дәрігер «Жаңақорған шипажайы» АҚ-ға жұмысқа орналасып, содан бері аталмыш сауықтыру орталығында өз қызметін абыроймен арқалап келеді.
Осы мекемеде он жылдан аса жұмыс өтілі бар жас дәрігер әріптестері арасында да абыройға ие.
– Ғалымжан Нұрділдаұлы біліктілігі мен білімділігінің арқасында ұжымда сыйлы. Ол өз ісіне тиянақты қарап, әр ем алушының денсаулығына аса мән береді. Емделушіермен жылы қарым-қатынас орнатып, шипажай жұмысының ілгерлеуіне өзіндік үлес қосып жүрген білікті маман, – дейді директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ғабит Үйсінбаев.
Бүгінгі кейіпкеріміз қызмет орнында білікті, еңбекқор маман болуымен қатар, шаңырағында бір үйдің отағасы. Ардақты әке, асыл жар екенін естен шығарған емес. Жолдасы екеуі бір перзентті тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
29 мамыр 2018 ж. 1 554 0