№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ТӨМЕНАРЫҚ ПЕН СҮТТІҚҰДЫҚТА СЕРПІН БАР МА?

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ТӨМЕНАРЫҚ ПЕН СҮТТІҚҰДЫҚТА СЕРПІН БАР МА?



Төменарық ауылында «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау» жылы аясында Кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы арқылы «Бастау-бизнес» оқыту шеңберінде 5 азамат курсқа қатысқан. «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 7 азамат 11,5 млн. теңге көлемінде несие алып, кәсібін ашқан. Оған қоса, ДК «Нұрсәт» тіс емханасын ашу мақсатында 2 млн. теңге көлемінде мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алған. Бұл туралы ауыл әкімі Н.Қошқарбеков өз баяндамасында сөз етті.
Алайда ауыл тұрғыны Сейман Әлиев ауылдық аурухананың ескіруіне байланысты жаңа ғимарат салу жайы созылып кетуіне алаңдаушылық білдірсе, сүттіқұдықтық еңбек ардагерлері Сандыбай Жұмабаев, Абылбек және Әлібай Айдарбеков ауылдағы аяқ су мәселесін көтерді. Өз кезегінде ауданның бас дәрігері Яхия Шорабаев амбулаториялық 10 орындық ауруханасы бар емхана болып салынатынын жеткізді. Ал Сүттіқұдыққа аяқсу жеткізуге байланысты Әбдімажит Ахметов атқарылған шаруаларды атай келіп, 3 шақырым көл табанын қазып, су жеткізуге өздерінің мүмкіндігі көтермейтінін жеткізді.

19 қаңтар 2019 ж. 991 0