» » Қазақстанда ҰБТ-нің алғашқы күні өтіп жатыр

Қазақстанда ҰБТ-нің алғашқы күні өтіп жатыр




ҰБТ алдындағы тыныштық

Түлектер мектеп бітіру емтихандарын тапсырып болды. Енді университетке түсу үшін ҰБТ-дан мүдірмей өту керек.
Былтыр Ұлттық тестілеу форматы өзгертілген болатын. Биыл барлығы сол қалпында қалып, тек "Алтын белгі" иегерлеріне қойылатын талап қана өзгеріпті.
Алдағы сынақта неге мән беру керек? Қандай мамандыққа грант көп бөлінеді? Осы мәселелерді бірге қарастырып көрейік.

Тесті ағылшын тілінде тапсыруға болады

Бұл – өз еркіңіздегі таңдау. Белгілі бір себептерге байланысты тестілеуге қатыса алмайтын болсаңыз, комиссия өзге топпен тапсыруға рұқсат береді.
Шекті балдан аса алмағандар ұлттық бірыңғай тестіні 2018 жылдың тамызында қайта тапсыра алады. Бірақ, грант аламын деп үміттенбесін.
Екінші рет тестілеуден өте алмай қалса да, түлектің университеттерде оқу мүмкіндігі уақытша сақталады. Онда оқу жылының жартысын оқып, келесі жылдың қаңтарында қайтадан тест тапсыруы тиісті.
Тіпті үшінші сынақтан да өте алмаған жағдайда келесі жылы кешенді тестіні қайта тапсыра алады.
Оқи отырыңыз:
ҰБТ-ны 2019 жылы қаңтарда тапсыруға болады. Жаңалықтарға шолу

Мектепте барлық емтихандар аяқталды

Түлектер былтырдан бастап төменде көрсетілген формат бойынша 29 мамыр мен 9 маусым аралығында мектеп бітіру емтиханын тапсырып жүр.
  1. Ана тілі және әдебиет пәндерінен 250-300 сөзден тұратын эссені жазуға 3 сағат беріледі. Ұсынылған үш тақырыптан оқушы біреуін таңдайды.
  2. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытатын мектептердің түлектері қазақша, ал қазақ тілінде оқығандар орысша тест тапсырады. 1 сағат 20 минутта тыңдалымның 10 тест тапсырмасын (2 мәтін); Лексика-грамматикадан 20 тест тапсырманы; Оқылымнан 10 тест тапсырманы (2 мәтін) орындайды.
  3. Тест форматы берілген бес жауаптың біреуін таңдауға арналған тапсырмадан тұрады.
  4. Қазақстан тарихының сұрақтарына ауызша жауап береді. Әр билетте үш сұрақтан болады. Екі теориялық сұрақ Қазақстан тарихының барлық сабағының негізгі бөлімдерінен алынады, үшінші сұрақ шығармашылық тұрғыда (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырма т.б.). Жауап беруге дайындалуға кемінде 20 минут беріледі.
  5. Алгебра және анализ бастамаларын бес сағат жазбаша жазады. Ол бес тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған;
  6. Таңдау пәні бойынша тест 40 сұрақтан тұрады. 1 сағат 20 минут уақыт беріледі. 60 балмен бағаланады. Оның 20 сұрағында бір дұрыс жауаптан. Бәрін тапқанға 20 балл беріледі. Келесі 20 сұрақтың бірнеше дұрыс жауабы болады. 40 балмен бағаланады. Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойы сақталады.


20 маусым 2019 ж. 868 0