№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Кәсіп қуаты – құштарлықта

Кәсіп қуаты – құштарлықта



Мемлекеттің басты мақсаттарының бірі – бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені меншік иесі қатарын қалыптастыру демократиялық қоғамды дамытудың маңызды шарты. Осы құрылым мықты қалыптасқанда елдің саяси-әлеуметтік басым бағыттары – білім беру мен медицинаның жоғары сапасы, кепілді еңбекпен қамту және қазақстандықтардың бақуатты тұрмыс деңгейі тұрақталады.
Аудан бойынша шағын және орта субьектілер саны 3806 болса, оның ішінде нақты және жеке кәсіпкерлер саны 2184. Өңірімізде кәсіпшіліктің өрге басуына тиянақты тірлігімен тірек болып, «нар жолында жүк қалмас» ауыр жауапкершілікті нәзік иығымен көтеріп жүрген аруларымыз да аз емес. Көзін тапқан қазынаға кезігеді. Қандай кәсіптің болмасын тамырын басып, табиғатын танып тылсым сырына тереңдеген сайын болмысыңмен біте қайнасып, бір бүтін тағдырға айналары рас. Содан соң ол саған, сен оған таяныш болып, таудай мақсаттарды бірге бағындыруға бағыт түзейсің. Ең бастысы, жаның сүйген кәсіпті жаңылмай таба білуің. Ал бұл адам мен оның ерекше мүмкіндіктеріне – шеберлігіне, дарынына, білігіне, құзыретіне, тәжірибесіне негізделеді. Бұл бір сөзбен сипаттағанда іскерлік дегенге саятын болар. Біздің бүгінгі әңгімеміз іскер нәзік жандылар жайында. Елбасы атап көрсеткен «Адам капиталына арқа сүйеу қағидаты» мемлекеттің прогрессивті көзқарасын ғана емес, жеке адамның өзіне деген жауапкершілігін де айқындайды.
Іскерлік – ірілікке бастайды
Аудан бойынша жоғары білімді стоматолог дәрігерлерді санамаласақ бес саусағымызды бүгіп қана қоямыз. Біз әңгімелегелі отырған стоматолог – дәрігер Баян Божбанбаева осы бесеудің бірі.
Еңбек жолын 1986 жылы Жаңақорған аудандық ауруханасында бастаған Алматы медицина институтының түлегі, жас маман одан әрі Қызылорда қаласында жұмысын жалғастырды.
1999 жылы кент орталығынан «Баян сұлу» тіс емханасын ашып, жұмысын жолға қоюға бел буып кірісті.
Нарық билеген қоғамда кәсіпкердің ең басты ұстанымы – кәсіби стандарттардың талабын ескеріп, бағдарламаларды жаңартуға бағытталуы тиіс. Әрбір адамның өз әлеуетін іске асыруы үшін жағдай жасау маңызды. Бұл үшін емдеу кешенін қажетті құрал-жабдықтармен қамту жеткіліксіз. Бұл жолда білікті дәрігерге менеджерлік қабілет те қажет.
Кәсіпкер ханым жұмысын бастаған жылдары Америкаға барған сапарында өз кәсібін аяқтан нық тұрғызудың әдіс-тәсілдеріне көңіл қанықтырып оралды. Ол содан бері осындай ізденістерден танған емес. Бүгін-ертең Алматыда өтетін стоматологтардың халықаралық конгресіне жол жүргелі отыр. Бұл жолы балалар стоматологиясы жөнінде жан-жақты талқыланбақшы екен.
Біз жеке кәсіпкер Баян Божбанбаеваны әңгімеге тартып, атқарып жатқан жұмыстары және болашақтағы жоспарлары жөнінде ой бөлістік.
– Тіс – адам келбетінің ең бір көрнекті мүшесі. Тісінен айрылған адам өмір сүргісі келмей кетеді. Тіпті бір жері кетіліп, кінәрат түссе де кісінің көңіл-күйін түсірері рас. «Тісіме құрт түсті» деп жатады ғой, негізінде бактериялар кесірінен тіс шірігі пайда болады, ол тістің эмалін бүлдіреді, ақырында түбінен түсіп қалады. Тіс жегісі жүрек-тамыр жүйесін, құлақ-мұрын асқазан, ішек жолдарын зақымдап, жалпы эндокриндык жүйелер патологиясын туындатуы мүмкін.
– Тіс ауруларының түрі көп, қандайын болмасын толыққанды емдеуге қабілеттілік жөнінде не айтасыз?
– Емдеуден бұрын алдын алу мәселесі мені қатты толғандырады. Әсіресе жас балаларымызға құнттылықпен қарасақ. Баланың ауру тісін жұлуды емес, емдеуді талап етемін мамандарымнан. Кәсібімді ашқан күннен бастап, мектептерге ден қойдым. Білім ошақтарында бір-бір қабинет ашуды қолға алдық. Болашақтың саулығы қажет пе, бала кезінен тазалыққа, алдымен тісін күтуге үйрет. Менің ата-аналардан өтінішім сол! Көкөрімнің балғын ағзасын бұзатын бүлдіргінің ошағы – азу тіс. Кешегі Кеңес кезінде бұған қатты мән берілетін. Мектеп медикоменті кальций, фтор, фосфорлье дәруменмен толық жабдықталып, мамандардың қасықпен қадағалап ішкізіп отыру жолға қойылған болатын. Қазір осы дәстүр жоқ. Тендерді ұтып алған заңды тұлғалар жүкті аналар мен кәмелетке толмаған балаларды тегін емдеуді жүргізгенде осы профилактика мәселесіне басым сипат берілсе өте дұрыс болар еді
     Кәсіптің бағы – ғылымда
Стоматология – үлкен бір сала. Оның өзі терапия, хирургия, ортопедия, имплантация сынды ірі-ірі жүйелері бар. Зақымданған тісті диагностикалық құралмен анықтау мәселесі деген тағы бар. Осының барлығымен кешенді түрде айналысып, тіс стоматологиясының әлеуетін арттыру – білікті мамандардың міндеті, мұны жеке-жарым жүріп, азғантай қаржымен іске асыру мүмкін емес. Бұл бағытта ауданда дәрігерлік орталық ашу талабы өзекті.
– Дәрігер үнемі ізденіп отыруы керек, – дейді білікті маман. Қазір интернет заманы. Жан-жақты алмасып, әріптестермен пікірлесіп, барынша соңғы технологияның жаңалықтарын меңгеруге ұмтылу керек. Медицинада «Бәрінен бұрын, зиян шектірме» деген даналық бар. Қанша ғұмыр жасасақ сонша ізденуге тиіссің.
Қазір менің қарамағымда стоматологияға жауапты алты маман бар. Бірнеше шәкірттер тәрбиеледім. Кейін өз алдарына тіс емдеу бөлімдерін ашып, бөлек шығып кеткендер де бар. Бұл өте құптарлық мәселе. Өйткені бәсекелестік артқан сайын сапа да жоғарылайды.
Елбасының халыққа Жоладуында «Кәсіпкерлікті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керектігі айтылды.
Мен айтар едім, ең бастысы – адамның даму мәселесі. Медициналық қызмет сапасы – халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті. Біз осы сенімді ақтауға тиіспіз.
                                                                                          Баян ҮСЕЙІНОВА.
12 маусым 2019 ж. 609 0