№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

№85 (8796) 25

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Асыл мұратты аға арқа сүйерге жарар

Асыл мұратты аға арқа сүйерге жарар


Қандай кәсіпті болмасын шын сүйген адам қиындығын еңсеріп, тәуекелді талабынан таяныш табады. Жастайынан шаштараз мамандығын меңгеріп, бүгінде Жаңақорған жұртшылығына танымал болып үлгерген Момынов Қайрат Исатайұлының жетістігі осыған дәлел.
Аудан орталығындағы №51 орта мектебін тәмамдаған соң әскери борышын өтеп оралған Қайрат арнайы мамандығы бойынша шаштараз қызметіне кірісті. Алғашында жеке кәсіпті өз үйі жанынан ашып, едәуір қор қалыптастыруды көздеді. Содан соң өз кәсібіне өзі инвестиция салып, соңғы үлгідегі шаштараз салонын салып алды.
Қайраттың қызметіне көптің зәруліп бір толастаған емес. Тұрғындарға тұрмыстық қызмет жасау қарапайым да, қастерлі кәсіп. Сондықтан ол мінез асылдығын да қажет етеді. Әдебі мол, мәдениеті биік, үлкен-кішімен сыпайы қарым-қатынас жасаудан жаңылмайтын Қайраттың жан тазалығымен қоса кәсіби жоғары деңгейі оны көптің қалаулысына айналдырды.
–Күн сайын өсіп отырған тұтынушының талғамынан шығу тәжірибемді шыңдап, әріптестеріммен онлайн байланыс арқылы еркін жетіліп отыруды естен шығармаймын. Сән формаларын жаңаша мазмұнда үйлестіру үшін кәсіби инструменттерді кешенді түрде жаңартып, жылдам және сапалы қызмет көрсетуге ден қойып келемін, – дейді ол.
Тұрақты кәсіпте табыс аз болмайды. Тыңғылықты еңбегімен үлкен жанұяның басшысы болып отырған Қайрат отбасында 12 перзенттің бірі. Осындай үлкен әулеттен шыққан үлгілі отағасы өзінің үлкен жүрегінің әмірімен қайырымдылық қадамдарға барып, жақсы істен жанына қуат, жүрегіне қуаныш тауып жүрген азамат. Ол осы оқу жылында аудан орталығындағы №3 мектеп-интернатына бас сұғып, ер балаларға тегін шаштараздық қызметін көрсетіп келеді.
Тер төгіп, теңге тапқан жақсы. Бірақ оның түбінде саулық пен саламаттылық жатыр. Өзіне осындай теңдессіз сыйды тарту еткен Құдыреттің разылығы үшін қолы қысқалау болып жүрген мұқтаж жандарға жан жылуын төгіп, жағдайына қарасу нағыз жомарттықтың белгісі. Қайраттың талабынан біз осыны аңғарып, сүйсініп қалдық. Бұл туралы рахметін айтқан №3 мектеп-лицей тәрбиешісі Рыскүл Баймағанбетованың бағасы да осындай ризашылықтан арна тартқан тәрізді.
Ия, көкөрім ізбасарларын ағасындай арқаға қағып, жәрдеміне жараған Қайраттың бұл талабы қайырымдылық қана емес, баршаны бауырым деп қанатына алған кеңқолтық мейірімнің де белгісі.
Ал, бұл өмір осындай тағлымымен қымбат.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
21 сәуір 2018 ж. 1 249 0