№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАСТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА САЛЫП БЕРУДЕ

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАСТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА САЛЫП БЕРУДЕ


Жаңақорған кентіндегі 3 мешіттің жамағаты бастамасымен "Жаңарған Жаңақорған Жастары" еріктілер тобы құрылып, көптеген сауапты істерді атқарып келеді. Былтыр Жаңақорған кентінің тұрғыны Ақзила апамызға тұрғын үй салып берсе, міне биыл ел болып, жұрт болып жұдырықтай жұмылып жаңақорғандық жалғызбасты ана, ІІ-топ мүгедегі Анаркүл Беласарова анамызға арналған баспананың қабырғасы бүгіннен бастап қалануда.
Жаңақорған кентіндегі  1991 туылған жастар баспананың кесегін көтеріп, азаматтық танытқан.
"Ендігі кезекте, Қасиетті Рамазан айында сауапты істердің он еселенетіні белгілі. Сондықтан барлық тұрғындарды аз да болса, үлесін қосып, қарлығаштың қанатындай болса да қаржылай көмек беруге шақырамыз" дейді "Жаңарған Жаңақорған Жастары" еріктілер тобының мүшесі Данияр Досантаев.


08 мамыр 2019 ж. 1 400 0