Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Zhas project жобасының екінші кезеңіне 131 жоба өтті

Zhas project жобасының екінші кезеңіне 131 жоба өтті


Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы арнайы іс-сапармен Жаңақорған ауданында болып, аудан жастарының тыныс-тіршілігімен танысып, олардың ұсынысын тыңдады. Аудан жастары ерекше ықылас танытқан, облыс бойынша тапсырылуы мен тіркелуінен көш бастап тұрған Zhas project жобасы жайлы көкейде жүрген сауалдарға жауап а
лды.
 Келелі басқосуда Жаңақорған ауданы мен Манап Көкеновтің 90 жылдығы және "Жаңақорған тынысы" газетінің 85 жылдығына орай Жаңақорған жастар ресурстық орталығының әлеуметтік тапсырысы аясында "Арман асуы" қоғамдық қоры ұйымдастырған жазба ақындар мүшәйрасының қорытынды марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаз атанған жас өрен өзінің тамаша жыр жолдарын тарту етті. Шараға Жаңақорған жастар ресурстық орталығы мамандары, ауданның белсенді жастары, қоғамдық ұйым өкілдері, мәслихат депутаттары қатысқан болатын.
16 шілде 2018 ж. 1 927 0