№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қыркеңсе тұрғындары тұрмысы нашар отбасыға үй салып берді

Қыркеңсе тұрғындары тұрмысы нашар отбасыға үй салып берді

 Қыркеңсе ауылдық окурігінің тұрғындары тұрмысы төмен отбасына үй салып бергенін естідік. Жаңа баспана салып берді. Бастаманы ауыл адамдарының өздері көтерген – деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газеті.

   Қыркеңсе ауылында тұратын Хайрынса Қалиеваның тұратын баспанасы осыдан жарты ғасырдай бұрын салынған. Апаттық күйге түскен үй тұруға жарамсыз болып қалған. Бұл отбасының баспана қиындығын көріп отырғанын көрген жергілікті тұрғындар қайырымдылық ісін атқарды. Көпшілік ортақ қолдау көрсетіп, оған баспана салып беруге атсалысты. Былтыр сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталды. Аталмыш баспананың бой көтеруіне Ислам Боранбаев, Құрманғазы Ақбалаев, Орынбасар Әбуов сынды азаматтар қаржылай және материалдық көмек көрсетті. Сәтін салып, балаларының несібесіне бірінші болып кіріп отыр. 

   Хайрынса Қалиева, жалғызбасты ана
  «Үй бердік» дегенде қуандым... Қазір де отын-суыма дейін көмек беріп жатыр сол кісілер, көп-көп рахмет.  Қуаныштың көз жасы бұл.  

  «Хайрынса Қалиеваның үйді қайта салуға жағдайы жоқ еді. Өзі жұмыссыз, күйеуі жоқ. Осылайша ауыл тұрғындарының ауызбірлігі арқасында қайырымдылық ісі жасалды. Ел ағалары Төлеген Құрманов, Жолдасбек Рашев, Көпжасар Жантелеев қолдан келген көмектерін аяған жоқ», - дейді Қыркеңсе ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқтасын Төлепбергенов. 

Е.Райымбек.

08 сәуір 2019 ж. 991 0